САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің басшысы мен орынбасары қызметінен босатылды
АҚШ Президенті Дональд Трамп қаңтар айында қызметке кіріскеннен бері қарулы күштердің басшылығында үлкен өзгеріс жасады.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің басшысы мен орынбасары қызметінен босатылды
/ Reuters

«АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (NSA) басшысы және оның орынбасары бейсенбі күні қызметтерінен босатылды», деп хабарлады АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары.

«The Washington Post» газеті АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап, генерал Тимоти Хоның қызметінен кеткенін хабарлады. Ол бұл қызметте бір жылдан астам уақыт қана жұмыс істеген.

«Шенеуніктер Хоның қызметінен босатылу себебін түсіндірмеді», деп жазды басылым.

Хо сонымен қатар АҚШ-тың киберсоғыс операцияларын жүргізетін Пентагонның «US Cyber Command» департаментінің басшысы қызметін де атқарған.

«Оның орынбасары Венди Нобл да қызметінен босатылып, Пентагондағы басқа қызметке ауыстырылды», деп хабарлады «The Post».

NSA АҚШ үкіметінің ең ірі және құпия сигналдық барлау агенттігі болып табылады.

Пентагон бұл жағдайға байланысты AFP агенттігінің сұрағына әлі жауап берген жоқ.

2024 жылдың ақпан айында тағайындалған Хо бұған дейін үкіметтің киберқауіпсіздік саласындағы бірқатар жоғары лауазымдарында, соның ішінде Киберұлттық миссия күштерінің басшысы ретінде қызмет атқарған.

Демократиялық партияның конгрессмені Джим Хаймс Хоның қызметінен босатылуына наразылық білдірді.

"Мен генерал Хоны заңды сақтайтын және ұлттық қауіпсіздікті бірінші орынға қоятын адал әрі ашық басшы ретінде танимын," – деп жазды ол «X» әлеуметтік желісінде. "Дәл осы қасиеттер осы әкімшілікте қызметтен босатуға себеп болуы мүмкін." деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтар айында қызметке кіріскеннен бері қарулы күштердің басшылығында үлкен өзгерістер жүргізуде. Трамп ақпан айында АҚШ-тың жоғары әскери офицері генерал Чарльз "CQ" Браунды қызметінен босатып, оның төрт жылдық мерзімінің екі жылға жетпей аяқталуына ешқандай түсініктеме бермеген еді.

Трамп әкімшілігі екінші мерзімінің алғашқы айларында-ақ федералдық қызметкерлерді жаппай қысқарту және мемлекеттік мекемелерді тарату шараларын жүзеге асыра бастады.

«The Washington Post” газеті  «АҚШ Кибер басқармасының орынбасары Уильям Дж. Хартман және NSA-ның атқарушы директоры Шейла Томас уақытша NSA басшысы және орынбасары болып тағайындалды», деп хабарлады.

 

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді