САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Иран нысандарына әуеден соққы жасады
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Кувейттегі АҚШ-тың әскери-әуе базасына соққы жасағанын мәлімдесе, ал Кувейт зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылын тойтару үшін әуе қорғанысы жүйелерін іске қосты.
АҚШ Иран нысандарына әуеден соққы жасады
АҚШ Иран нысандарына әуеден соққы жасады / AP

АҚШ Орталық қолбасшылығы демалыс күндері Иранның Горук қаласы мен Кешм аралындағы радарлар және әскери нысандарға соққы жасалғанын хабарлады.

Қолбасшылық «X» әлеуметтік желісінде бұл операцияның Иранның арандатушылық әрекеттеріне жауап ретінде жүргізілгенін мәлімдеді.

Орталық қолбасшылық операция барысында америкалық әскери қызметкерлердің зардап шекпегенін растады. Сондай-ақ бітімге қарамастан АҚШ күштерін Иранның негізсіз агрессиясынан қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Кувейт зымыран шабуылын тойтарды

Ал Кувейт армиясы әуе қорғанысы жүйелерінің қазіргі уақытта зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарына қарсы әрекет етіп жатқанын мәлімдеді. Армия «Егер жарылыс дауыстары естілсе, бұл  ̶  әуе қорғаныс жүйелерінің оқ-дәрілерді тойтарғаны демек», - деді.

«Fars» агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ әскері Сирик аралына әскери шабуыл бастағаннан кейін Американың Кувейттегі әскери-әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Ислам революциясы сақшылар корпусы шабуыл қайталанған жағдайда қарымта шауыл басқаша болатынын ескертті.