ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей Солтүстік Кореяға тікелей рейс ашты
Жаңа бағыт Ресей мен Солтүстік Корея әскери ынтымақтастығын кеңейтіп, «Covid»-ке байланысты тоқтатылған теміржол қатынасын қайта қалпына келтірген кезде іске қосылды.
Ресей Солтүстік Кореяға тікелей рейс ашты
/ Reuters

Ресей Украинадағы шабуылын қолдаған азиялық одақтасымен байланыстарды нығайту мақсатында Солтүстік Кореяға тікелей коммерциялық әуе рейстерін бастады.

Ресейдің «Nordwind Airlines» әуе компаниясы орындаған Мәскеу-Пхеньян рейсі Мәскеудің Шереметьево әуежайынан жексенбі күні жергілікті уақыт 16:25-те  400-ден астам жолаушымен ұшты.

Ресей Көлік министрлігі сұранысты қанағаттандыру үшін айда бір рет рейс ұйымдастырылатынын хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осы айдың басында Солтүстік Кореяның жаңа Вонсан-Кальма жағажай курортына барып, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездескен болатын. Лавров ресейлік туристерді кешенге баруға шақыратынын айтты.

20 000-ға жуық адамды қабылдай алатын шипажай Кимнің қиын жағдайдағы экономиканы қалпына келтіру үшін туризмді дамытуға бағытталған жобаларының бірі.

Солтүстік Корея шекараларын қайта ашып, пандемия кезіндегі  шектеулерді біртіндеп жеңілдетуде. Алайда халықаралық туризмді қайта ашу туралы мәлімет берілмеді.

Еуропалық Одақ Ресей рейстеріне тыйым салғанға дейін ресейлік туристерді Еуропаның демалыс орындарына тасымалдаған «Nordwind Airlines» әуе компаниясы Солтүстік Кореяға билет бағасын 570 доллар деп белгіледі.

Толық аты-жөнін айтудан бас тартқан «Nordwind» қызметкері Олег «AFP» агенттігіне: «Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтатын тарихи оқиға», - деді.

«Дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 70 жылдан астам тарихында алғаш рет екі ел астаналары арасында тікелей әуе рейсін ашамыз», - деді Ресей Көлік министрінің орынбасары Владимир Потешкин министрліктің «Telegram» аккаунтындағы жазбасында.

Ресейдің «ТАСС» мемлекеттік ақпарат агенттігі Пхеньяннан Мәскеуге алғашқы рейс сейсенбі күні орындалатынын хабарлады.

Ресей мен Солтүстік Корея 2020 жылы «Covid» кезінде тоқтатылған теміржол қатынасын 17 маусымда қайта ашты.

Соңғы жылдары екі ел жақынырақ әскери байланыс орнатып, Пхеньян Ресейдің Украинадағы әскери операцияларын сарбаз және қару-жарақпен қамтамасыз етті.

Өткен жылы Ресей президенті Владимир Путиннің Солтүстік Кореяға сапары кезінде екі ел өзара қорғаныс келісіміне қол қойды.

Сәуір айында Солтүстік Корея Ресей әскерлерімен бірге өз әскерлерінің бір бөлігін Украинадағы майданға алғаш рет орналастырғанын растады.

Іздеу
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр
Украина дрондары түні бойы Ресейге шабуылдады
Шілде айында Батыс Шерияға 2 мың 256 шабуыл жасалған
Иран: “АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз”
Израиль Қорғаныс министрі Кац Иранға сес көрсетті
«Газпром»: «Еуропаның газ қоймаларындағы тапшылық газ жеткізіліміне қауіп төндіреді»
Ресей Украина порттары мен Қаратеңізде әскери жүк тасымалдаған кемеге соққы берді
Росатом: “Қаратеңізде дрон шабуылына ұшыраған контейнерлік кеме суға батты”
Ресей: «Украинаның порты мен әскери жүк кемесін нысанаға алдық»
Мароккодан Испанияға заңсыз өтпек болған 18 мигрант қаза тапты
Иран: “Кувейттегі Ахмед әл-Жабир әуе базасына соққы бердік”
ЕО Ресейдің Польша әуе кеңістігін бұзуын айыптады