ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Екі миллионға жуық мұсылман қажылық сапарын бастады
Қажылық рәсімнің ресми түрде басталуымен қажылар дүйсенбі күні Арафатқа шығар алдындағы алғашқы аялдама саналатын Минаға қарай ағылды.
Екі миллионға жуық мұсылман қажылық сапарын бастады
Екі миллионға жуық мұсылман қажылық сапарын бастады / Reuters

2026 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2 миллион мұсылман қажылық парызын өтемек. Қажылар Меккенің батысындағы қасиетті аймақ Минаға жетіп, тәруия күнін құлшылықпен өткізуде.

Тәруия күні  ̶  қажылар Арафатқа шығар алдында рухани дайындық жасайтын алғашқы кезең. Қажылар бес уақыт намазды қысқартып оқып, Минада түнейді. Зүлхижжа айының тоғызыншы күні күн шыққаннан кейін Арафатқа жол тартады.

Мина  ̶   қажылықтың бастау нүктесі ғана емес, сондай-ақ құрбан айттың алғашқы күні мен одан кейінгі ташриқ күндерінде шайтанға тас ату рәсімі өткізілетін негізгі орындардың бірі. Мекке мен Мүздалифа арасында орналасқан бұл аймақ қажылықтан тыс уақытта бос тұрады.

Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігінің ресми өкілі Гассан ән-Нуайми қасиетті аймақтарда 25-тен астам инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылғанын, Минаның аумағы кеңейтілгенін, 54 мыңнан астам шатыр дайындалғанын және 60 мыңнан астам ағаш отырғызылғанын жеткізді.

Билік өкілдері тәруия күніне арналған көлік қатынасы, шатырларды орналастыру, бағыт-бағдар беру және жергілікті қызмет көрсету жұмыстарының толық аяқталғанын мәлімдеді.

Ал Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығы Минадағы ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін хабарлап, қажылар мен қызметкерлер үшін бес тілде ауа райы туралы ақпарат таратылатынын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сауд Арабиясы қажылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрон мен жасанды интеллектіні қолдануда

Іздеу
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Брюссельде «Өзгерген қауіпсіздік жағдайында Түркия мен НАТО» атты панель өтті
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады