ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияда 15 жасқа толмағандарға арналған әлеуметтік желі шектеуінің кестесі айқындалды
Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желі қолдануына қатысты қағидаттарды қысқа мерзімде белгілеп, тиісті ережені 6 ай ішінде күшіне енгізетіндерін мәлімдеді.
Түркияда 15 жасқа толмағандарға арналған әлеуметтік желі шектеуінің кестесі айқындалды
Түркияда 15 жасқа толмағандарға арналған әлеуметтік желі шектеуінің кестесі айқындалды

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинетінің отырысынан кейін тілшілердің сауалдарына жауап берді.

15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні пайдалануын реттеуге қатысты қойылған сұраққа орай Гөкташ әлемде де осыған ұқсас заңнамалық қадамдардың күн тәртібінде тұрғанын және әр мемлекет өзіндік пайыммен жұмыс істеп жатқанын еске салды. Министр: «Әсіресе Австралияның баяндамасын жіті зерделегеннен кейін қажетті сараптаманы жасадық және олқылықтардың орнын толтыра отырып, өз елімізге тән модель әзірледік», — деді.

Әлеуметтік желілерге арналған бұл заң арқылы 15 жасқа толмаған балаларға арналған қауіпсіз цифрлық кеңістіктер қалыптасатынын және бақылауға алынған қолданыстың ынталандырылатынын баса айтқан Гөкташ негізгі мақсат — балалардың жас ерекшелігі мен тұлғалық дамуына үйлеспейтін (теріс) контенттерге ұрынуының алдын алу екенін жеткізді.

Іздеу
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”
"Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"
Иран Ормуз бұғазын жапқанын хабарлады
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Иранға ескерту жасады
Иран президенті: «Біз соғыс жағдайынан шығуымыз керек»
Иран АҚШ-тың 18 ірі әскери нысанына қарымта соққы берді
Президент Ердоған: «Израиль шабуылдары Түркияға да қауіп төндіруде»
Энергетика және табиғи ресурстар министрі: «Ынтымақтастығымыз жаңа бағыттармен артуда»
Иран АҚШ шабуылдарын айыптады
Иран АҚШ-тың әскери нысандарына қарымта шабуыл жасады
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-қа қатаң ескерту жасады