ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Бітімнен кейін Газаға кіруі тиіс гуманитарлық көмек жүк көліктерінің тек 15 пайызы ғана кірген
Палестина үкіметінің медиа кеңсесі дүйсенбі кешке дейін аймаққа 6 600 жүк көлігінің кірмегенін, аймаққа кірген жүк көліктерінің әлдеқайда аз болғанын хабарлады.
Бітімнен кейін Газаға кіруі тиіс гуманитарлық көмек жүк көліктерінің тек 15 пайызы ғана кірген
Бітімнен кейін Газаға кіруі тиіс гуманитарлық көмек жүк көліктерінің тек 15 пайызы ғана кірген / Reuters
21 Қазан 2025

Газа аймағындағы Палестина үкіметінің медиа кеңсесі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бітім күшіне енгеннен бері гуманитарлық жүк тасыған 986 көліктің аймаққа кіргенін, бұл көрсеткіштің бітім келісімінде қарастырылған мөлшерден әлдеқайда төмен екенін хабарлады.

Мекеменің дерегінше, дүйсенбі күні кешке дейін Газаға 6 600 жүк көлігі, ал тәулігіне 600 жүк көлігі кіруі тиіс болатын. Бірақ бұл көрсеткіш 89-дан аспай отыр.

Медиа кеңсесі: «Бұл Израиль оккупациясының Газа секторындағы 2,4 миллионнан астам палестиналыққа қысым көрсету, аштыққа ұшырату және гуманитарлық бопсалау саясатын жалғастырып отырғанының айғағы»,- деді.

Аймаққа наубайханалар, ауруханалар, генераторлар мен өзге де маңызды қызметтерді қамтамасыз ету үшін 14 жүк көлігіне тиелген тұрмыстық газ баллондары мен 28 жүк көлігіне тиелген дизель отыны жеткізілген.

Алайда үкімет бұл көлемнің Газаның негізгі қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз екенін атап өтіп, «Азық-түлік, дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек, отын және тұрмыстық газ секілді заттарды қамтитын кемінде 600 көмек көлігінің күн сайын тұрақты түрде кіруі маңызды», - деді.

10 қазан күні Газа секторында АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған жоспар негізінде бітім келісімі күшіне енген болатын. Бұл жоспардың алғашқы кезеңі тұтқын алмасуды қамтыды. Жоспардың келесі кезеңі Газаны қалпына келтіру мен ХАМАС-сыз жаңа басқару механизмін құруды көздейді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің геноцид соғысында 68 200-ден астам адам қаза тауып, 170 200-ден астам адам жараланған.

 

 

Іздеу
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді
Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды»
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
«Түркия мәселелерді «бейбітшілікке негізделген дипломатиямен» шешуге тырысуда»
Түркия Израильде ұсталған «CNN Türk» тілшілерінің дереу босатылуын талап етті
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
Индонезия мен Иран сыртқы істер министрлері сөйлесті
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»