САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Конго Демократиялық Республикасының шығысына лаңкестік шабуыл жасалды
Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы ауылға жасалған қатыгез шабуылда 21 адам қаза тапты.
Конго Демократиялық Республикасының шығысына лаңкестік шабуыл жасалды
Конго Демократиялық Республикасының шығысына лаңкестік шабуыл жасалды / Reuters

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Итури уәлаятында Одақтас демократиялық күштер көтерілісшілері ұйымдастырған шабуыл салдарынан кемінде 21 адам қаза тапты.

Аймақтық әкімшілік басшысының орынбасары полковник Максим Чишимбидің айтуынша, Мамбаса аумағындағы Биакато ауылында болған шабуыл кезінде көптеген адам із-түзсіз жоғалған.

Жексенбі күні жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында бірнеше мәйіт табылып, қаза тапқандар саны 21-ге жетті.

Максим Чишимби Конго армиясының лаңкестерге қарсы операция бастағанын айтып, жергілікті тұрғындарды армиямен ынтымақтасуға шақырды.

Көтерілісшілер кейбір бейбіт тұрғындарды ұрлап әкетпес бұрын мотоциклдер мен үйлерді қиратқан.

ДАИШ лаңкестік ұйымымен байланысы бар бұл топ бірнеше жылдан бері Конгоның шығысына шабуылдап келеді.

Конгоның шығыс өңірлері отыз жылдан бері түрлі қарулы топтардың әрекеттерінен туындаған тұрақсыздықпен бетпе-бет келіп отыр. Аймақтағы мыңдаған адам Солтүстік Киву мен Итури уәлаяттарындағы босқын лагерьлерінде тұрады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымы адам құқықтарының өрескел бұзылуынан бейбіт тұрғындардың жапа шегіп жатқанын атап өтті.

Ұйымның Бас хатшысы Аньес Калламар: «Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы бейбіт тұрғындар Одақтас демократиялық күштер содырларының қолынан аса ауыр қатыгездікке ұшырады. Адамдар, өлтірілді, ұрланды және азапталды», - деді.

Сондай-ақ шығыста әрекет ететін «M23» қарулы тобы туралы айтылды.

Уганда мен Конго Демократиялық Республикасының қарулы күштері 2021 жылдан бері көтерілісшілерге қарсы бірлескен операция жүргізіп келеді.

Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ