ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
Интерпол іздеу жариялаған Өмер әл-Хатип Рейханлыдағы шабуылды жоспарлау және ұйымдастыру ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген болатын.
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды.

Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MİT) 2013 жылы Рейханлыда 53 адамның қаза табуына себеп болған террорлық шабуылға қатысы бар сириялық Өмер әл-Хатипті арнайы операция барысында ұстады. Ол теңіз арқылы Еуропаға қашуға әрекеттенген.

Интерпол іздеу жариялаған Өмер әл-Хатип Рейханлыдағы шабуылды жоспарлау және ұйымдастыру ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген болатын.

Өмер әл-Хатип кім?

Өмер әл-Хатип 1976 жылы Сирияның Идлиб қаласында дүниеге келген. Дамаскідегі 14-дивизияда әскери борышын өтегеннен кейін біраз уақыт Идлибте құрылыс саласында жұмыс істеген. 2011 жылы Сирияда қақтығыс басталған соң Латакияға қоныс аударған.

MİT мәліметінше, әл-Хатип Башар Асадқа қарасты «Әмн әл-Аскари» әскери барлау қызметінің құрамындағы, оппозиция өкілдеріне қарсы қарулы әрекеттерге қатысқан «Шаббиха» тобына қосылған. Осы кезеңде ол «Әмн әл-Аскаридің» Латакия бөлімшесін басқарған Кифах Мелхеммен танысқан.

Латакияда тұрған кезінде әл-Хатип Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар басқа адамдармен де байланыс орнатқан. Ол Дженгиз Сертел, Эрджан Баят және Юсуф Назикпен бірге бір виллада тұрып, Латакия мен Кесеб аймақтарында контрабандамен айналысқан.

Рейханлыдағы шабуылды бірге жоспарлаған

MİT мәліметіне сәйкес, Өмер әл-Хатип 2013 жылы Түркияда шабуыл ұйымдастыруды жоспарлаған Юсуф Назик пен Кифах Мелхемнің кездесуіне ықпал еткен. Осы кездесулер барысында шабуыл жоспарының егжей-тегжейі анықталған.

Өмер әл-Хатип пен Юсуф Назик 2013 жылғы ақпанда Хатай арқылы Түркияға кіріп, шабуыл жасалатын орындарды анықтаған. Кейін жоспарды Латакияда болған Кифах Мелхем мақұлдаған.

2013 жылы мамыр айында шабуылдың алдында Өмер әл-Хатип Темир Дүканджымен бірге «Әмн әл-Аскаридің» Латакия бөлімшесіне барып, жарылғыш құрылғыға қажетті материалдарды алған.

Жарылғыш зат орнатылған көлікті Темир Дүканджы мен Юсуф Назик Рейханлыға жеткізген. Кейін жарылғыш құрылғы қашықтан іске қосылған.

Асад режимінен ақшалай сыйақы алған

Шабуылдан кейін Өмер әл-Хатип Сирияға қашқан Темир Дүканджы мен Юсуф Назикті «Әмн әл-Аскаридің» Латакия бөлімшесіне апарған.

MİT мәліметінше, Өмер әл-Хатип пен шабуылға қатысқан басқа адамдарға Башар Асад режимі қомақты ақшалай сыйақы берген.

MİT әл-Хатипті жіті бақылауда ұстаған

MİT Рейханлыдағы шабуылдан кейін оған қатысы бар адамдарды ұстау жұмыстарын бастаған. Осы аяда Өмер әл-Хатиптің Сириядағы әрекеттері де жіті бақылауға алынған.

Оның Еуропаға қашуды жоспарлап жүргені анықталғаннан кейін MİT арнайы операция жүргізді. Өмер әл-Хатип теңіз арқылы Еуропаға қашуға әрекеттенген кезде ұсталып, Түркияға жеткізілді.

Рейханлыдағы шабуылды ұйымдастырушылардың бірі Юсуф Назик 2018 жылы, Дженгиз Сертел 2024 жылы, ал Мұхаммед Диб Коралы мен Темир Дүканджы 2025 жылы ұсталған еді.

Шабуыл жасау туралы нұсқау бергені айтылған генерал-майор Кифах Мелхемді Башар Асад 2024 жылғы ақпанда Ұлттық қауіпсіздік басқармасының басшысы қызметіне тағайындаған.

Мәліметке сәйкес, Асад режимі құлағаннан кейін Кифах Мелхем шетелге қашқан.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді