ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Стамбулда «R4» елдерінің сыртқы істер министрлерінің жиыны басталды
Стамбулда Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның төрағалығымен «R4» елдерінің сыртқы істер министрлерінің жиыны басталды.
Стамбулда «R4» елдерінің сыртқы істер министрлерінің жиыны басталды
Стамбулда «R4» елдерінің сыртқы істер министрлерінің жиыны басталды

«R4» тетігін Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы құрды. Оның мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету және өңірлік мәселелер бойынша диалогты нығайту.

Министр Фидан өңірлік жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталады

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жиында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең алдымен аймақ елдерінің жауапкершілік алуы қажет екенін атап өтпек. Сондай-ақ Түркияның осы ұстанымға сәйкес өңірлік мәселелерді аймақ елдерінің өздері шешуіне негізделген ынтымақтастық тетіктерін нығайтуға басымдық беретінін жеткізбек.

Фидан Израильдің Палестина аумақтарын басып алуы, халықаралық қоғамдастықтың бейбітшілік орнату әрекеттеріне кедергі келтіретін ымырасыз ұстанымы және бүкіл аймаққа таралған әскери шабуылдары Таяу Шығыстағы шиеленістің негізгі себептері екенін атап өтеді.

Сонымен қатар министр барлық мемлекетті Иерусалимнің тарихи және құқықтық мәртебесіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ екі мемлекет құруға негізделген бейбіт шешімге қол жеткізу әрекеттеріне кедергі келтіретін қадамдардан аулақ болуға шақырмақ. Ол халықаралық қоғамдастықтың Израильге қысымды күшейтуі маңызды екенін де атап өтпек.

Фидан АҚШ пен Иран арасындағы келіспеушіліктерді тек дипломатия және диалог арқылы шешуге болатынын мәлімдейді. Оның айтуынша, әскери операциялар мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік бермейді, керісінше аймақтағы тұрақсыздықты күшейтіп, ауқымды қақтығыстың туындау қаупін арттырады.

Сондай-ақ Түркия Сыртқы істер министрі хоуситтердің Сауд Арабиясындағы бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдарына байланысты Анкараның Сауд Арабиясы қауіпсіздігін қорғауға қолдау көрсететінін атап өтпек.

Фидан Мекке қорғаныс одағы негізге алған өзара ынтымақтастық пен ортақ қауіпсіздік қағидаттарының маңыздылығына назар аудармақ.

 

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті