ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Бразилияның бұрынғы президенті Болсонару үйқамақ шешіміне шағымданды
Бұрынғы президенттің қорғаушылары оның шектеу шараларын бұзбағанын алға тартып, бұл шешімді қайта қарау үшін Жоғарғы сотқа жүгінді.
Бразилияның бұрынғы президенті Болсонару үйқамақ шешіміне шағымданды
/ Reuters

«Reuters» агенттігі Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару осы аптада Жоғарғы сот судьясы Александри ди Морайс шығарған үйқамақ шешіміне ресми түрде шағым түсіргенін хабарлады.

Сәрсенбі күні Болсонарудың қорғаушылары сотқа өтініш беріп, бұрынғы президенттің ешбір шектеу шарасын бұзбағанын мәлімдеді.  Бұл мәселенің Жоғарғы соттың жалпы отырысында дауысқа салынуын талап етті.

Дүйсенбі күні бұрынғы президентке үйқамақ шешімі шыққан болатын. Судья Морайс Болсонарудың АҚШ президенті Дональд Трампты заң аясындағы мәселелеріне тартуға тырысып, сот бұйрықтарына бағынбағанын алға тартты.

Болсонарудың заңгерлік тобы бұл шешімге шағым түсіретінін бұған дейін де мәлімдеген болатын.

Шағым хатында қорғаушылар ешқандай заң бұзушылық болмағанын алға тартты және бұл шешімді кеңейтілген сот алқасы қайта қарауы тиіс екенін атап өтті.

Президенттік мерзімінде және одан кейін өкілеттігін бірнеше рет асыра пайдаланды деп айыпталып жатқан Болсонарудың заңдық мәселелеріне үйқамақ жазасы қосылды.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті