ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Газа, Ливан, Сирия және Йеменге шабуылдарын жалғастырмақ
Исраэль Кац Израильдің Жабал Шейхтен шегінбейтінін және Хезболла, ХАМАС пен хоуситтерге қарсы соққыларын жалғастыратынын мәлімдеді.
Израиль Газа, Ливан, Сирия және Йеменге шабуылдарын жалғастырмақ
Израиль Газа, Ливан, Сирия және Йеменге шабуылдарын жалғастырмақ / AP

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац Израиль Ливан, Сирия, Газа және Йемендегі шабуылдарын жалғастыратынын және шиеленісті азайтуға бағытталған аймақтық және халықаралық күш-жігерге қарамастан бас тартпайтынын мәлімдеді.

«Maariv» газетінің хабарлауынша, Кац Израиль Әуе күштерінің ұшқыштарына арналған оқу курсының ашылуында «Израиль Ливан, Сирия, Газа және Йемендегі операцияларын жалғастырады»,-деді.

Іс-шараға Беньямин Нетаньяху мен Бас штаб бастығы Эяль Замир де қатысты.

Кац: «Ливанда Хезболлаға қарсы барынша күш қолдануды жалғастырамыз. Сирияда Хермон тауы (Жабал Шейх) мен қауіпсіздік аймағынан шегінбейміз. Газада ХАМАС-ты жойып, аймақты қарусыздандырамыз», - деді.

Йеменге қатысты ол «Хоуситтерге мүмкіндіктерін арттыруына жол бермеу үшін операцияларымызды жалғастырамыз», - деп атап өтті.

Сондай-ақ Кац Иран мен Израиль шиеленісіне тоқталып, Израильдің Иранның ядролық және стратегиялық әлеуетіне елеулі зиян келтіргенін алға тартты.

«Америкалық серіктестерімізбен ынтымақтастықта Иранға ауқымды соққы бергеніміз жөніндегі есептерді бақылап отырмын. Қауіпсіздік құрылымдары жағдайды мұқият қадағалауда. Әзірге мәлімет бере алмаймын», - деді Кац.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді