ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп Израиль мен Иран атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді
АҚШ президенті Иран мен Израиль сейсенбі күнінен бастап кезең-кезеңімен орындалатын атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл келісім екі аптаға созылған аймақтық шиеленісті тоқтатуы мүмкін.
Трамп Израиль мен Иран атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді
/ Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран сейсенбі күні сағат 04:00-де басталып, кезең-кезеңімен орындалатын атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлады. Бұл келісім екі аптаға созылған қарқынды соғысты ресми түрде тоқтатуды мақсат етеді.

Трамп «Truth Social» платформасындағы мәлімдемесінде келісімнің толығымен атысты тоқтатуды қамтитынын айтты. Келісімге сәйкес алдымен Иран, 12 сағаттан кейін Израиль операцияларын тоқтатады.

Бұл келісім Трамп сипаттаған «12 күндік соғыстың» ресми аяқталуы ретінде қарастырылуда.

«Барлығы ойдағыдай болады деп сенемін және солай болатынына сенімдімін. «12 күндік соғыс» деп аталуы тиіс қақтығысты тоқтатудағы төзімділігі, ерлігі және даналығы үшін Израиль мен Иранды шын жүректен құттықтағым келеді», деді Трамп өз жазбасында.

Қақтығыс 13 маусымда Израиль Иранның әскери, азаматтық және ядролық нысандарына, соның ішінде Фордо жерасты байыту қондырғысына әуеден соққы беруімен басталған болатын. Ал Тегеран Израиль нысандарына баллистикалық зымырандармен қарымта  шабуыл жасады.

22 маусымда АҚШ Иранның үш ядролық нысанына, ал Иран АҚШ-тың Катардағы Әл-Удейд әуе базасына шабуыл жасауымен шиеленіс одан сайын ушыға түсті.

Шиеленістің күшеюіне қарамастан, Оман мен Швейцария араағайын болып,  дипломатия арқылы атысты тоқтатуға күш салуда.

Трамп арағайын елдерді атамады, бірақ екі тарапты операцияларды тоқтатуға келіскені үшін мақтады.

Трамптың дүйсенбі күні жариялаған атысты тоқтату келісімі тараптардан әскери операцияларды біртіндеп тоқтатуын талап етеді. Алдымен Иран атысты тоқтатуды бастап, 12 сағаттан кейін Израиль де  атысты тоқтатады.  Атысты тоқтату басталғаннан кейін 24 сағат ішінде қақтығыс ресми түрде аяқталады деп күтілуде.

Тұрақсыз және шиеленіскен аймақ

Соңғы екі аптадағы ашық қақтығыс Иранда жүздеген адамның өмірін қиды, ал Израильде ондаған адам қаза тапты. Екі ел тұрғындары әуе шабуылдары мен зымыран шабуылдарынан қорғануға мәжбүр болды. Қақтығыстар ауқымды аймақтық соғыс қаупін арттырды.

Иран Израиль шабуылдары кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен Төңкеріс сақшылары мүшелерін жерлеу рәсімін өткізді. Осы уақытта Израиль бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жариялап, Иран территориясына соңғы жылдардағы ең ауқымды шабуыл жасады.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты