ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Мәскеу мэрі әуе қорғанысы жүйелері түн ортасында үш бөлек ұшып келген дрондарды тойтарғанын айтты.
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді / Reuters

Бейсенбі күні ресейлік шенеуніктің мәліметінше, Ресейдің әуе қорғанысы күштері түні бойы Мәскеу бағытына қарай ұшқан 37 дронды бірнеше толқынмен атып түсірген.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдемесінде Қорғаныс министрлігіне қарасты әуе қорғанысы күштерінің дрондарды сәтті атып түсіргенін хабарлады. Дрондар 10, 17 және 10 данадан кезекпен жойылған.

Собянин дрон сынықтары құлаған аймақтарға төтенше жағдай қызметтері жіберілгенін мәлімдеді. Билік шабуылдың салдары туралы егжей-тегжейлі ақпарат бермегендіктен, дрон сынықтарынан адам шығыны немесе ғимараттарға зақым келіп-келмегені әзірге белгісіз.

Дрон шабуылдарына қатысты Украина тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Бесінші жылға аяқ басқан Ресей-Украина соғысында соңғы уақытта алыс қашықтыққа ұшатын дрондар мен зымырандарды қолдану арқылы жасалатын шабуылдар күшейіп келеді.

 

Іздеу
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті