ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Суданның Хартум әуежайына үш күннін бері шабуыл жасалуда
Хартум әуежайы қайтадан нысанаға алынды, бірақ Суданның қауіпсіздік көздері нысанға айтарлықтай зиян келмегенін растады.
Суданның Хартум әуежайына үш күннін бері шабуыл жасалуда
Суданның Хартум әуежайына үш күннін бері шабуыл жасалуда / AP

Парамилитарлық Жедел Қолдау Күштері Суданның Хартум халықаралық әуежайына дрондар арқылы шабуыл жасауды үшінші күн қатарынан жалғастырып отыр.

Судан жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, жеті дрон әуежай мен оған жақын орналасқан оңтүстік аудандарға соққы беріп, тұрғындар арасында үрей туғызған. Куәгерлердің айтуынша, әуежайдан жарылыстардың дауысы естілген.

Жедел Қолдау Күштері сейсенбі күні әуежайға және Хартум штатының басқа да маңызды нысандарына шабуыл жасай бастады. Бұл шабуылдар әуежайдың екі жылдан астам уақыт жабық болғаннан кейін қайта ашылуына бір күн қалғанда басталды.

Сәрсенбі күні әуежай алғашқы азаматтық жолаушылар рейсін қабылдады.

“Rakoba News” басылымының қауіпсіздік көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Жедел Қолдау Күштері шабуылдарынан кейін әуежайға үлкен зақым келмеді.

Газеттің мәліметінше, елдің ең маңызды нысандарына жасалған соңғы шабуылдар Жедел Қолдау Күштері мен Судан армиясы арасындағы қақтығыстың сипатының өзгергенін көрсетеді. Бұл өзгеріс жердегі шайқастардан дрондарды әскери және саяси қысым құралы ретінде қолдануға ауысқанын білдіреді.

Бұл оқиғаларға қатысты көтерілісшілер тобы тарапынан әзірге ешқандай түсініктеме берілген жоқ.

Судан армиясы мен Жедел Қолдау Күштері арасындағы соғыс 2023 жылдың сәуір айынан бері жалғасып келеді. БҰҰ мен жергілікті биліктің мәліметінше, бұл қақтығыста 20 мыңнан астам адам қаза тауып, 14 миллион адам қоныс аударуға мәжбүр болды.

Іздеу
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"