ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік әуе жолдары 150-ге дейін «Boeing 737 MAX» ұшағына тапсырыс берді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен жасалған келісім Түрік әуе жолдарына әуе паркі сыйымдылығын жолаушылар сұранысына қарай реттеуге мүмкіндік береді.
Түрік әуе жолдары 150-ге дейін «Boeing 737 MAX» ұшағына тапсырыс берді
Келісім Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен рәсімделді / َAA

Түрік әуе жолдары «Boeing» компаниясымен 150 данаға дейін «Boeing 737 MAX» ұшағын сатып алу жөніндегі келісімді аяқтады. Бұл  ̶  компания тарихындағы бір дәлізді ұшақтарға берілген ең ірі тапсырыс.

Келіссөздерден кейін қол жеткізілген бұл келісім әуе компаниясының қысқа және орта қашықтықтағы бағыттар желісін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді даму стратегиясының бір бөлігі саналады.

Келісім Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен рәсімделді.

Келісім аясында Түрік әуе жолдары 100 дана «Boeing 737-8» ұшағына тапсырыс берді. Сонымен қатар тағы 50 дана «Boeing 737 MAX» ұшағын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Келісім әуе компаниясына қажет болған жағдайда сыйымдылығы жоғары «Boeing 737-10» ұшақтарын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл Түрік әуе жолдарына әуе паркіндегі ұшақтардың сыйымдылығын жолаушылар сұранысына қарай реттеуге жол ашады.

Жаңа ұшақтар әсіресе жолаушылар сұранысы жоғары ішкі және халықаралық бағыттарда Түрік әуе жолдарының қысқа және орта қашықтықтағы тасымал мүмкіндігін арттырмақ.

Түрік әуе жолдарының мәліметінше, «Boeing 737-8» ұшағы бұрынғы ұшақтармен салыстырғанда отын шығыны мен зиянды шығарындыларды 20 пайыз азайтады. Сонымен қатар оның ұшу қашықтығы мен жүк тасымалдау мүмкіндігі жоғары.

Қазіргі таңдаТүрік әуе жолдары мен оның еншілес компаниясы «Ajet» «Boeing 737 MAX», «737 New Generation», «787 Dreamliner» және «777 Freighter» ұшақтарымен қатар 200-ден астам «Boeing» ұшағын пайдаланып отыр.

Іздеу
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Франция президенті Макрон Газадағы жағдайдың баршаға ұят екенін айтты
"Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына қатысты ұсыныс жасады"
Түркия мен АҚШ  ядролық энергетика саласында жаңа келісімге қол қойды
Косово премьер-министрі президент Ердоғанға алғыс айтты
БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа баратын Нетаньяху сапарын бір күндік етіп жоспарлады
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
«Түрік әскери-теңіз күштерінің қуаты Израильді жаңа сүңгуір қайық сатып алуға мәжбүрлеп отыр»
Ирак премьер-министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы кездесті
Франция Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
АҚШ өкілі: «Түркия мен АҚШ арасындағы «S-400» мәселесі шешіледі»
Түркі әлемі композиторлар одағы құрылды
Түркияның Жалған ақпаратпен күрес орталығы Угандаға қатысты мәлімдеменің жалған екенін хабарлады
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты
Түркия Нью-Йоркте COP31 мақсаттарын таныстырды