ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Емине Ердоған Газадағы журналист әйелдердің ержүректілігін жоғары бағалады
Емине Ердоған Газаның жағдайын әлемге жеткізіп жүрген журналист әйелдерді мақтап, олардың мұрасын адамзат үшін сақтап, ұлықтау қажеттігін атап өтті.
Емине Ердоған Газадағы журналист әйелдердің ержүректілігін жоғары бағалады
Емине Ердоған Газадағы журналист әйелдердің ержүректілігін жоғары бағалады / Anadolu Agency

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған қазан айында қол жеткізілген атысты тоқтатуға қарамастан, Израиль шабуылдарына ұшырап отырған әрі Газадағы оқиғаларды әлемге жеткізіп жүрген журналист әйелдердің рөлін атап өтіп, оларды «парасат пен ержүректіліктің символы» деп сипаттады.

Ердоған сәрсенбі күні түрік әлеуметтік медиа платформасы «Nsosyal»-да жариялаған жазбасында, Газадағы геноцидті әлемге жеткізу үшін жанын шүберекке түйіп жүрген қаһарман журналист әйелдердің қаранғылықтың арасынан шындықты көрсете алғанын айтты.

Емине Ердоған: «Олардың әрбір жазбасы, әрбір сөзі, әрбір қадамы – зұлымдыққа қарсы ақиқаттың тынысы. Бүгін сол тынысты сақтау, олар қалдырған ізді болашаққа жеткізу ˗ борышымыз», - деді.

Ердоған бұл мәлімдемесін сейсенбі күні Анкарадағы Президент аппараты жанындағы Коммуникация бас­қар­ма­сында өткен «Геноцидке куәгер әйелдер: Газада медиа және тойтарыс» атты бағдарламадан кейін жариялады.

Шекарасыз журналистер ұйымы жыл сайынғы есебінде биыл әлем бойынша қаза тапқан 67 журналистің шамамен жартысының өліміне Израиль жауапты екенін, ал Газадағы Израиль күштері 29 палестиналық тілшіні өлтіргенін хабарлады.

Деректе Израиль күштері өлтірген журналистер санының әлемде қаза болған журналистердің 43 пайызына тең екені, сондықтан Израиль мемлекетінің «журналистердің қас жауы» атанғаны атап көрсетілген. Есептегі деректер 2024 жылдың желтоқсаннан басталған 12 айлық кезеңді қамтиды.

Шекарасыз журналистер ұйымының деректеріне сәйкес, Израиль 2024 жылдың 7 қазанынан бері шамамен 220 журналисті өлтірген. Осылайша Израиль үш жыл қатарынан әлемде ең көп журналист өлтірген мемлекет болып отыр.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді