САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Нью-Йоркте тарихи сайлау жақындады
Қала жаңа мэрін таңдауға дайындалып жатқан тұста Демократиялық партияның үміткері Зохран Мамдани бұл қызметке үміткер үш кандидаттың ішінде алдыңғы қатарда тұр.
Нью-Йоркте тарихи сайлау жақындады
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Зохран Мамдани Нью-Йорктың тарихи мэр сайлауында көш бастап келеді. [Мұрағаттық сурет] / Reuters

Қиын және шиеленісті жағдайда өтіп жатқан сайлау науқанында Нью-Йорк қалалық сайлау комиссиясы ерте дауыс беру кезеңінде 735 мыңнан астам адамның дауыс бергенін, бұл қала тарихындағы жаңа рекорд екенін хабарлады.

Мэр сайлауы соңғы кезеңге жақындаған сайын ұлттық басылымдардың басты тақырыбына айналуда. Бұған себеп — Мамдани жеңіске жеткен жағдайда қаланың алғашқы мұсылман және оңтүстік азиялық текті мэрі болуымен қатар ашық түрде демократиялық социалист көшбасшы ретінде тарихта қалуы.

Мамдани өзінің сайлау науқанын АҚШ-тағы ең қымбат қалалардың бірі саналатын Нью-Йорктегі өмір сүру құнын төмендету уәдесіне негіздеп отыр. Солшыл көзқарастары мен Палестинаны қолдаған ұстанымы үшін Демократтар мен өзге саяси топтардың сынына ұшырағанына қарамастан ол сайлаушылардың экономикалық алаңдаушылығына назар аударып келеді.

Сауалнама нәтижелері

“Real Clear Politics” сайты жүргізген сауалнамаға сәйкес, сайлау күні жақындаған сайын Мамдани орта есеппен 14,3 пайыздық айырмашылықпен алда келеді.

Сауалнама нәтижелері бойынша, Мамдани 46,1%, Куомо 31,8%, Слива 16,3% қолдауға ие.

Шілде айынан бері жүргізілген барлық сауалнама Мамданидің көш бастап келе жатқанын көрсетіп отыр, дегенмен көрсеткіштер арасында айырмашылықтар бар. “Atlas Intel” зерттеу компаниясының 3 қарашада жариялаған соңғы сауалнамасында Мамдани небәрі 5 пайыздық артықшылықпен алда тұр.

Ал “The Hill/Emerson College” сауалнамасы Мамданидің 50% деңгейінде қолдауға ие болып, Куомодан екі есе көп дауыс жинағанын көрсетті.

Сайлау сейсенбі күні таңғы 6:00-де басталады. Дауыс беру кешкі 9:00-де  аяқталады, бірақ сол уақытта кезекте тұрғандардың барлығына дауыс беруге мүмкіндік беріледі.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр