ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Пәкістан теңізде мұнай және газ барлау келісіміне қол қойды
Пәкістанның Мұнай министрі Пәкістан-Түркия ынтымақтастығына үлкен үміт артатынын айтып, Исламабад өзінің теңіздегі қорларын барлау бойынша осындай бірлескен күш-жігерді толық қолдауға және ынталандыруға дайын екенін мәлімдеді.
Түркия мен Пәкістан теңізде мұнай және газ барлау келісіміне қол қойды
/ AA

Түркия мен Пәкістан шенеуніктері Пәкістанның 40 теңіз блогында мұнай мен газды барлау үшін бірлескен тендерге қатысу туралы келісімге қол қойды.

Пәкістан Мұнай министрлігі «Бұл бірлескен келісімге сейсенбі күні Исламабад қаласында өткен 2025 жылғы Пәкістан Минералдар Инвестиция Форумы аясында қол қойылды»,- деп хабарлады.

Ақпан айында Пәкістан үкіметі Макран және Индус бассейндерінде 40 теңіз блогында барлау лицензияларын беру үшін тендер жариялағанын мәлімдеді.

«Бұл тендер елдің энергия секторына шетелдік тікелей инвестицияларды тартуға үлкен мүмкіндік береді», – делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Пәкістанның «Mari Energies Limited», «Oil and Gas Development Company Limited» және «Pakistan Petroleum Limited» компаниялары Түркияның мемлекеттік меншігіндегі Түрік мұнай корпорациясымен теңіз тендеріне бірлесіп қатысу туралы келісімге қол қойды.

Пәкістанның Мұнай министрлігі «Бұл стратегиялық ынтымақтастық Пәкістанға аса қажетті шетелдік инвестиция әкеледі және Пәкістанның ашық теңіз аймағының әлеуетін ашу және пайдалану үшін халықаралық технологияларды, тәжірибе мен дағдыларды бөлісуге және қолдануға жол ашады деп сенеміз», - деді.

Қол қою рәсіміне Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мен Пәкістанның Мұнай министрі Әли Первайз Малик қатысты.

Байрактар Исламабадтың тау-кен инвестиция форумын жоғары бағалады.

Іздеу
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды