ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Энергетика және табиғи ресурстар министрі: «Ынтымақтастығымыз жаңа бағыттармен артуда»
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Байрактар Грузияның Тәуелсіздік күніне арналған қабылдауда: «Ынтымақтастығымыз жаңа бағыттармен артуда», – деді.
Энергетика және табиғи ресурстар министрі: «Ынтымақтастығымыз жаңа бағыттармен артуда»
Энергетика және табиғи ресурстар министрі: «Ынтымақтастығымыз жаңа бағыттармен артуда»

Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Стамбулдағы Йеребатан цистернасында Грузияның вице-премьері әрі Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилидің ұйымдастыруымен өткен Грузияның Тәуелсіздік күніне арналған қабылдауға қатысты.

Министрліктің мәліметінше, Байрактар Түркия мен Грузия арасындағы серіктестік берік достыққа, өзара сенімге, тату көршілік қарым-қатынасқа және өңірлік бейбітшілікке деген ортақ ұстанымға негізделгенін айтты.

Ол екі ел арасындағы ынтымақтастық сауда, экономика, энергетика, денсаулық сақтау, туризм, көлік, білім беру, қорғаныс өнеркәсібі және мәдени байланыстарды қамтитынын атап өтті.

«Серіктестігіміздің көпқырлы сипаты жаңа бағыттармен күн өткен сайын нығаюда», – деді министр. Министр сондай-ақ 2025 жылы Түркия мен Грузия арасында 100-ден астам жоғары деңгейдегі ресми сапар жүзеге асқанын еске салып, бұл оң серпіннің 2026 жылы да жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Мақсат – сауда айналымын 5 миллиард долларға жеткізу

Алпарслан Байрактар Түркия мен Грузия арасындағы экономикалық және сауда байланыстарының дамып келе жатқанын атап өтті.

«Түркия   ̶  2008 жылдан бері Грузияның ең ірі сауда серіктесі. Екіжақты сауда көлемі бойынша 3 миллиард долларлық  мақсатымызға әлдеқашан жеттік. Енді 5 миллиард долларлық жаңа межеге де жақын уақытта қол жеткізетінімізге кәміл сенеміз», – деді ол.

Министр Түркия мен Грузияның өңірлік тұрақтылық, экономикалық даму және энергетикалық қауіпсіздікке елеулі үлес қосқан ірі энергетикалық жобалар арқылы бірлескен жұмыстың тиімділігін дәлелдегенін жеткізді.

«Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры, Баку-Тбилиси-Эрзурум табиғи газ құбыры және Трансанатолиялық табиғи газ құбыры (TANAP) қамтылған Оңтүстік газ дәлізі сияқты стратегиялық жобалар  ̶ ортақ ұстаным мен ұзақмерзімді табысты серіктестігіміздің айқын көрінісі», – деді министр. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастық жетістіктермен ғана шектелмейтінін, жаңа өңірлік бастамалар аясында да нақты қадамдар басылып жатқанын айтты. «Мәселен Жасыл электр энергиясын тасымалдау және сауда жобасы. Бұл болашаққа бағытталған жоба өңірлік байланыстар мен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, жаңартылатын энергия көздерін нарығымызға енгізу үдерісін де жеделдетеді», – деді министр.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті