ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Рубио Израиль-Ливан қақтығысын тоқтату үшін жоспар ұсынды
АҚШ мемлекеттік хатшысы Ливан және Израиль басшыларымен жүргізілген тікелей дипломатиялық келіссөздер барысында шиеленісті кезең-кезеңімен бәсеңдетуге байланысты жоcпар  ұсынды.
Рубио Израиль-Ливан қақтығысын тоқтату үшін жоспар ұсынды
Рубио Израиль-Ливан қақтығысын тоқтату үшін жоспар ұсынды / AP

Америкалық шенеуніктің «Reuters» агенттігіне берген мәліметіне қарағанда, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Израиль мен Ливан арасындағы дипломатиялық келіссөздер аясында Ливан президенті Жозеф Аун және Беньямин Нетаньяхумен сөйлескен. Әңгіме барысында Рубио шиеленісті кезең-кезеңімен бәсеңдетуге мүмкіндік беретін жоспар ұсынған.

Шенеуніктің айтуынша, АҚШ алғашқы қадам ретінде Хезболланың Израильге қарсы шабуылдарын тоқтатуын, ал оған жауап ретінде Израильдің Бейруттағы жағдайды ушықтыратын әрекеттерден бас тартуын ұсынған.

«Бұл шиеленісті біртіндеп бәсеңдетуге және қақтығыстарды тиімді түрде тоқтатуға мүмкіндік береді», – деді америкалық шенеунік.

Алдымен Израиль шабуылдарын тоқтатады

Шенеунік сондай-ақ Жозеф Аунның ұсынысты ілгерілетіп, келісімге қол жеткізуге күш салып жатқанын айтты.

Хезболланың бітім шарттарын сақтайтынына кепілдік бергенін мәлімдеген Ливан парламентінің төрағасы Набих Берри атысты тоқтатудың жауапкершілігін Израильге жүктеді.

Нетаньяху жексенбі күні алты аптадан астам уақыт бұрын жарияланған бітімге қарамастан, армияға Хезболлаға қарсы операцияларды жалғастырып, Ливан аумағына тереңірек ену туралы бұйрық бергенін мәлімдеген болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр

Әскери дереккөздердің хабарлауынша, соңғы операция барысында Израиль әскері 900 жылдық Бофор қамалын және Ливанның оңтүстігіндегі стратегиялық маңызы бар аймақты бақылауға алған.

АҚШ өкілі: «АҚШ Израильдің Хезболла тарапынан бейбіт тұрғындарға жасалып жатқан шабуылдарға үнсіз шыдап отыруын құптамайды», - деп мәлімдеді.

Израильдің 2 наурыздан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарынан 1,2 миллионнан астам ливандық өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Сол уақыттан бері Израиль Ливанның оңтүстігін, шығысын және астанасы Бейрутты нысанаға алды. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, қаза тапқандар саны 3 200-ден асты. Ал Израиль осы кезеңде 23 әскері мен төрт бейбіт тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.

Іздеу
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты