ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газада аштықтан тағы үш палестиналық қайтыс болды
Газадағы билік өкілдері 2023 жылдың қазан айынан бері аштық пен дұрыс тамақтанбаудан қайтыс болған 162 адамның 92-сінің бала екенін мәлімдеді.
Газада аштықтан тағы үш палестиналық қайтыс болды
/ AA

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағат ішінде аштықтан тағы үш палестиналықтың қайтыс болғанын хабарлады.

Министрлік жұма күні жасаған мәлімдемесінде: «Ауруханалар соңғы 24 сағат ішінде Газа секторында аштық пен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан үш өлім жағдайын тіркеді», – деді.

Осылайша 2023 жылдың қазан айынан бері аштықтан қайтыс болғандар саны 162-ге жетті, оның 92-сі бала.

Өткен апта БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Газа тұрғындарының үштен бірі Израиль блокадасының салдарынан бірнеше күн бойы азық-түліксіз қалғанын ескертті.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының есебі бойынша, Газадағы әрбір төртінші палестиналық ашаршылыққа тап болған. 100 000 әйел мен бала дұрыс тамақтанбау салдарынан зардап шегуде.

Израиль Газа секторын 18 жылдан бері қоршауда. 2 наурыздан бастап гуманитарлық көмекке тосқауыл қойып, аймақтағы ауыр жағдайды одан сайын ушықтырды. Барлық шекара бекеттерін жауып тастады.

Палестина билік өкілдері аймақтағы 2,4 миллион тұрғынының қажеттіліктерін өтеу үшін күніне кемінде 600 гуманитарлық жүк көлігі қажет екенін айтты.

Израиль армиясы 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газаға қарсы аяусыз шабуыл жасап, 60 300-ден астам палестиналықты өлтірді. Толассыз әуе соққылары Газаны күл-талқан етіп, азық-түлік дағдарысына ұшыратты.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды