САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Президент Трамп: “Иранмен ядролық келісімге келуге жақсы мүмкіндік бар”
АҚШ президенті Тегеранмен келісімге қол жеткізуге болатынын айтып, егер мұндай келісім жасалса, оны үлкен қанағатпен қабылдайтынын журналистерге жеткізді.
Президент Трамп: “Иранмен ядролық келісімге келуге жақсы мүмкіндік бар”
Президент Трамп Иранмен ядролық келісімге келуге "жақсы мүмкіндік" бар екенін жеткізді. / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу үшін АҚШ пен Тегеран арасында келісім жасау ықтималдығы «өте жоғары» екенін айтты. Бұл мәлімдеме президенттің келіссөздердің жалғасуына мүмкіндік беру мақсатында әскери шабуылды кейінге қалдырғанын айтқаннан бірнеше сағат өткен соң жасалды.

Трамп Таяу Шығыстағы АҚШ-тың негізгі одақтастары оны сейсенбіге жоспарланған Иранға қарсы әскери шабуылды кейінге қалдыруға шақырғанын, осылайша Тегеранмен келіссөздерді жалғастыруға мүмкіндік туғанын айтты. Сонымен бірге, егер келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ ауқымды әскери операция бастауға дайын екенін білдірді.

Трамп дүйсенбі күні дәрі-дәрмек бағасына қатысты мәлімдеме кезінде журналистерге:
«Жақсы шешім табу мүмкіндігі өте жоғары болып көрінеді. Егер мұны әлемді күйретпей жүзеге асыра алсақ, мен бұған өте қуанышты болар едім», – деді.

Бұл мәлімдеме президенттің бұған дейін Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасынан кейін айтылды. Онда былай делінген:

«Катар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Тани, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман Әл Сауд және Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед бин Заид Әл Нахаян ертеңге жоспарланған Иран Ислам Республикасына қарсы әскери шабуылды кейінге қалдыруымды сұрады».

АҚШ операцияны уақытша тоқтатады

Трамп Парсы шығанағы елдерінің басшылары оған «қазір маңызды келіссөздер жүріп жатқанын» айтқанын және дипломатиялық келісімге әлі де қол жеткізуге болады деп сенетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған келісім Иранның ядролық қаруға ие болуына түбегейлі тыйым салуды көздейді және бұл барлық келісімнің басты шарты болып табылады.

Трамп Парсы шығанағы елдері басшыларына деген «құрметінің» белгісі ретінде Қорғаныс министрі Пит Хегсетке, Біріккен штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал Дэниел Кейнге және АҚШ әскери қолбасшылығына жоспарланған операциядан әзірге бас тарту жөнінде тапсырма бергенін білдірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ-пен келіссөздердің Пәкістан арқылы жалғасып жатқанын растады
Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті