САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Италия оппозициясының жетекшісі Израильге толық қару-жарақ эмбаргосын енгізуге шақырды
Италияның бұрынғы премьер-министрі Джузеппе Конте  қатаң экономикалық және дипломатиялық санкциялар енгізуді де талап етті.
Италия оппозициясының жетекшісі Израильге толық қару-жарақ эмбаргосын енгізуге шақырды
/ Reuters

Италияның оппозициялық «5 жұлдыз қозғалысының» жетекшісі бейсенбі күні Израильге қарсы қару-жарақ эмбаргосын енгізуді талап етті. Бұл талап Газаға жасалған шабуылдарға байланысты көтерілді.

«24 сағат ішінде 100-ден астам адам қаза тапты. Екі аптада 300-ден астам бала өлтірілді», – деп жазды Джузеппе Конте «X» әлеуметтік желісінде. Ол Израиль шабуылдарының денсаулық сақтау мекемелері мен үйлерді нысанаға алып жатқанын еске салды.

Конте Италия мен Еуропаның Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үкіметінің қатыгез әрекеттеріне үнсіз қарап отырғанын сынға алды.

Ол Еуропа Парламентінің бұл мәселеге тек алаңдаушылық білдіруін сынға алып, «Бұл мағынасыз нәрсе», – деді.

«Израильге толық қару-жарақ эмбаргосы енгізіліп, үкімет өкілдері мен олардың жақтастарына қатаң экономикалық және дипломатиялық санкциялар қолданылуы керек», – деді 2018-2021 жылдары премьер-министр қызметін атқарған 60 жастағы саясаткер.

Италияның солтүстігіндегі Милан қаласында жүздеген адам Газа аймағында палестиналық журналистердің өлтірілуіне қарсы наразылық шеруін өткізді.

2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан 50 500-ден астам палестиналық қаза тапты, олардың көпшілігі -  әйелдер мен балалар.

Халықаралық қылмыстық сот өткен жылдың қараша айында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен оның бұрынғы Қорғаныс министрі Йоав Галлантқа Газа аймағындағы әскери қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін ордер шығарды.

Сонымен қатар Израиль Газа аймағындағы соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісі бойынша жауапқа тартылуда.

 

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген