ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль армиясы Газа қаласын басып алу үшін геноцидтің «жаңа кезеңін» бастады
Жоспар шамамен 1 миллион палестиналықты оңтүстікке күштеп көшіруді, қаланы қоршауға алуды және аймаққа құрлықтан шабуыл жасауды көздейді.
Израиль армиясы Газа қаласын басып алу үшін геноцидтің «жаңа кезеңін» бастады
/ AA

Израиль әскері қоршаудағы Палестина халқына қарсы геноцидті күшейтіп, Газа қаласын қайтадан басып алуға бағытталған үздіксіз шабуылдаудың «жаңа бір кезеңіне» өткенін мәлімдеді.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы Эффи Дефрин баспасөз мәслихатында: «Газа қаласына қарсы операцияның алғашқы кезеңін бастадық. Қазір әскеріміз Газа қаласының айналасын бақылауға алды»,- деді.

Дефрин армияның «Гидеонның соғыс көліктері» деген код атпен жүргізіліп жатқан құрлық операциясының екінші кезеңіне өткенін айтты. Ол: «Бүгінгі Хамас – операцияға дейінгі Хамас емес», - деді.

Дефриннің айтуынша, Бас штаб бастығы Эяль Замир резервтегі 60 мың әскерді шақырып,  20 мың әскердің қызмет мерзімін ұзартқан. Сонымен қатар Израиль әскері Газаның 75 пайызына «операциялық бақылау» орнатқанын алға тартты.

Күштеп көшіру

Премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың соғыс кабинеті 8 тамыз күні Газа қаласынан бастап аймақтың кезең-кезеңімен қайтадан оккупациялануын көздейтін жоспарды мақұлдады.

Жоспар шамамен 1 миллион палестиналықты оңтүстікке күштеп көшіруді, қаланы қоршауға алуды және аймаққа құрлық шабуылдарын жасауды көздейді.

Израиль 11 тамыз күні Газа қаласының Зейтун ауданында ауқымды шабуыл бастады. Куәгерлердің айтуынша, жарылғыш зат орналастырылған роботтар арқылы үйлер қиратылып, артиллериядан атқылаған. Бейбіт тұрғындар жаппай қоныс аударуға мәжбүр болған.

Израиль геноциді

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 62 мың палестиналық қаза тапты. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар.

Израиль шабуылдарын жалғастырып, Газа секторының көп бөлігін қирандыға айналдырды және бүкіл халықты көшірді.

Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен сол кездегі Қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер шығарды.

Израиль Палестинаға жүргізген аяусыз соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.

Іздеу
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды