САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль күштері Сирияның Кунейтра аймағына бірнеше рейд жүргізді
Израиль күштері Башар Асад режимі күйрегеннен бері Сирияның егемендігін бұзып, Сирия аумағына күн сайын рейд жүргізіп келеді.
Израиль күштері Сирияның Кунейтра аймағына бірнеше рейд жүргізді
Израиль күштері Сирияның Кунейтра аймағына бірнеше рейд жүргізді / Reuters

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Израиль армиясы сейсенбі күні Сирияның егемендігін тағы да бұзып, елдің оңтүстігіндегі Кунейтра ауылдық аймағына үш рет рейд жүргізген.

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігі үш көліктен тұратын патрульдің Бир-Аджам елді мекенінің кіреберісінен Кунейтра ауылдық аймағының оңтүстігіндегі Барика және Кудна ауылдарына қарай жылжығанын хабарлады.

Агенттік сондай-ақ 12 әскери көліктен құралған тағы бір израильдік бөлімшенің Тал Абу Гайтар өткелі арқылы Саида әл-Ханут ауылына кіріп, Рузания ауылына, кейін Сайда әл-Голанға бет алғанын мәлімдеді.

«SANA» дерегінше, Израиль әскерлері Сайда әл-Голанның батыс жол айрығында жол бөгетін орнатқан. Тағы бір бөлімше ауылға кіріп, бір үйді тінтіп, кейін шегінген.

Бұл рейдтер Дамаск пен Тель-Авив арасында АҚШ-тың араағайындығымен 1974 жылы қол қойылған Күштерді ажырату туралы келісімді қайта жандандыруды көздейтін келіссөздер кезеңі басталғаны жөніндегі ресми хабарламаға қарамастан жүргізілген.

Жаңа рейдтерге қатысты Израиль армиясы да, Сирия билігі де ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Израиль күштері Сирияның Кунейтра ауылдық аймағында күн сайын рейд жүргізіп, бейбіт тұрғындарды ұстап әкеткен. Сондай-ақ бақылау бекеттерін құрып, жолдан өткендерді тексеріп, егіс алқаптарына зиян келтірген.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Сирияның Кунейтра аймағына басып кірді

Израиль 2024 жылдың соңында Башар Асад режимі құлағаннан кейін, Сириямен 1974 жылы жасалған келісімді бұзып, қарусыздандырылған буферлік аймақты басып алды және Сирия аумағындағы Голан жоталарында оккупациясын кеңейтті.

Іздеу
Иранды басып алу жоспарын ұсынды
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
"Мен АҚШ президенті болмасам, Израиль жойылып кетер еді"
Иран: «Ормуз бұғазынан заңсыз өтпек болған супертанкер минаға соғылып, өртке оранды»