ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресейдің НАТО мен ЕО-ға қарсы «агрессивті жоспары» жоқ
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров батысты Украина соғысын «пайдаланып», Палестина сияқты басқа маңызды мәселелерден «назарды ауытқытуға» тырысуда деп айыптады.
Ресейдің НАТО мен ЕО-ға қарсы «агрессивті жоспары» жоқ
Ресейдің НАТО мен ЕО-ға қарсы «агрессивті жоспары» жоқ / AP

Ресей НАТО немесе ЕО мүшелеріне қарсы ешқандай «агрессиялық жоспары» жоқ екенін тағы да мәлімдеп, бұл жөнінде жазбаша түрде кепілдік беруге дайын екенін айтты.

Мәскеуде елшілер мен халықаралық ұйым өкілдері қатысқан дөңгелек үстел отырысында сөйлеген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров:
«Мәскеудің президент Путин ашық айтқандай НАТО-ға да, ЕО-ға да қарсы агрессиялық жоспары жоқ. Біз бұл кепілдіктерді жазбаша, құқықтық құжат ретінде рәсімдеуге дайынбыз.” деді.

Лавров Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоф арасындағы Мәскеудегі соңғы кездесудің тамыз айындағы Аляска саммитінен кейін екі ел арасында туындаған «түсінбеушіліктер мен байланыс үзілістерін» жойғанын атап өтті.

Ол сонымен қатар Мәскеудің Вашингтонмен саммитте қол жеткізілген келісімдер негізінде жұмысты жалғастырып жатқанын, ұжымдық қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты «қосымша ұсыныстар» берілгенін айтты. Лавров: «Қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты келіссөздер тек Украинамен шектеле алмайтынын түсінеміз», деді.

Министр Ресейдің «ұжымдық контекстте тұжырымдалған» және заңды түрде міндетті келісімдерге алып келетін барлық ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін жеткізіп, «Бір дағдарыстың артынан бірден келесі дағдарыстың туындағанын қаламаймыз»,- деді.

Сонымен қатар Лавров батыс елдерін Ресей-Украина соғысын халықаралық қоғам алдында тұрған Палестина мәселесі секілді «басқа да маңызды дағдарыстардан назарды басқа жаққа бұру үшін пайдаланып отыр» деп айыптады.

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді