Биылғы жылдың алғашқы үш айында бұғаз арқылы 3 мың 277 жалпы жүк кемесі мен 1 мың 833 сусымалы жүк таситын кеме өткен.
Қаңтар-наурыз кезеңінде өткен 9 мың 195 кеменің 5 мың 792-сі лоцман қызметін пайдаланған.
Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдың алғашқы үш айында ұзындығы 300 метрден асатын кемелер Босфор бұғазы арқылы өтпеген.
Өткен кемелердің 370-і 250-300 метр, 593-і 200-250 метр, 2 мың 416-сы 150-200 метр, 3 мың 306-сы 100-150 метр аралығында болса, 2 мың 510 кеменің ұзындығы 100 метрден аз болған.
Қаңтар-наурыз айларында бұғаз арқылы химиялық жүк таситын 451 танкер өткен.
Жылдың алғашқы тоқсанында бұғазды 288 баржа, 1 мың 833 сусымалы жүк кемесі, 11 цемент таситын кеме, 984 контейнерлік кеме, 3 мың 277 жалпы жүк кемесі, 125 тірі мал тасымалдайтын кеме, 9 әскери кеме, 77 жолаушылар кемесі, 53 ро-ро кемесі, түрі нақтыланбаған 1 мың 511 танкер, сұйытылған мұнай газ тасымалдайтын 207 танкер, 57 буксир, 30 автокөлік тасымалдайтын кеме және өзге де 282 кеме пайдаланған.
Ең көп жүк қаңтар айында тасымалданды
Осы кезеңде Босфор бұғазы арқылы өткен кемелердің тасымалдаған жүктерімен қоса есептегендегі жалпы сыйымдылығы 135 миллион 182 мың 851 гросс-тоннаны құрады.
Бұғаз арқылы ең аз жүк ақпан айында тасымалданды. Бұл айда жалпы сыйымдылығы 41 миллион 343 мың 780 гросс-тонна болатын кемелер өткен.
Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрлігінің деректеріне сүйенсек, кемелер ең көп жүкті қаңтар айында тасымалдаған. Қаңтарда жүк көлемі 51 миллион 711 мың 485 гросс-тоннаны құрады.
Қаңтар айында Босфор бұғазы арқылы жалпы сыйымдылығы 42 миллион 127 мың 586 гросс-тонна болатын 3 мың 25 кеме өткен. Ақпан айында жалпы сыйымдылығы 41 миллион 343 мың 780 гросс-тонна болатын 2 мың 687 кеме бұғазды пайдаланған. Ал наурыз айында жалпы сыйымдылығы 51 миллион 711 мың 485 гросс-тонна болатын 3 мың 483 кеме бұғаз арқылы өткен.
Еуропа мен Азияны жалғап жатқан Босфор бұғазы арқылы тәулігіне орта есеппен 102 кеме өткен.
Кемелер саны өткен жылмен салыстырғанда азайған
Босфор бұғазын пайдаланған кемелер санының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азайғаны анықталды.
Өткен жылдың қаңтар-наурыз айларында бұғаз арқылы 9 мың 351 кеме өткен болса, биыл осы кезеңде бұл көрсеткіш 9 мың 195 кемені құрады.
Өткен жылдың осы кезеңінде бұғаз арқылы жалпы сыйымдылығы 141 миллион 160 мың 81 гросс-тонна жүк тасымалданғаны тіркелген.
Бұғаз арқылы 2024 жылдың алғашқы үш айында 10 мың 106 кеме өтіп, жалпы көлемі 157 миллион 101 мың 576 гросс-тонна жүк тасымалданған. Бұл кемелердің 6 мың 275-і лоцман капитан қызметін пайдаланған.
2023 жылдың алғашқы тоқсанында Босфор бұғазы арқылы 9 мың 250 кеме өтіп, 149 миллион 543 мың 961 гросс-тонна жүк тасымалданған. Оның ішінде 6 мың 217 кемеге лоцман қызметі көрсетілген.














