Президент Ердоған үш елді қамтитын Парсы шығанағы сапарына шықты
ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Президент Ердоған үш елді қамтитын Парсы шығанағы сапарына шықтыТүркия басшысының Кувейт, Катар және Оманға ресми сапары Анкараның экономикалық байланыстарды тереңдетуге ұмтылысын және Газа мен Парсы шығанағындағы аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталғанын көрсетеді.
Президент Ердоған үш елді қамтитын Парсы шығанағы сапарына шықты / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбіден бастап үш елді қамтитын Парсы шығанағына жоғары деңгейдегі сапарын бастады. Бұл сапар Анкараның аймақтағы экономикалық және стратегиялық ықпалын тереңдетуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Сапар Кувейттен басталып, 22-23 қазан күндері Катар және Оманмен жалғасады.

Президент аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дурaн “X” әлеуметтік желісінде бұл сапарлар екіжақты қарым-қатынастарды талқылауға және ынтымақтастықты нығайту жолдарын іздеуге бағытталғанын айтты.

Аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылаумен қатар, президенттің жоғары деңгейдегі сапары барысында әртүрлі екіжақты келісімдерге қол қойылады деп жоспарланды.

Сапардың алғашқы кезеңінде Ердоған Кувейт астанасы Кувейт қаласында Кувейт Әмірімен кездеседі.

Парсы шығанағындағы сапардың екінші аялдамасы Катар болады. Сәрсенбі күні Дохада Ердоған Катар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен келіссөз өткізеді.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардан бастап аймақтық мәселелерге дейінгі кең ауқымды тақырыптар талқыланады. Газа секторындағы атысты тоқтату процесі мен аймақты қалпына келтіру мәселелері күн тәртібінде болады.

Бейсенбі күні Ердоған Парсы шығанағындағы сапарының соңғы аялдамасы Оманға барады. Маскатта ол Сұлтан Хайсам бен Тарыкпен екіжақты келіссөз өткізеді. Экономикалық ынтымақтастықпен қатар аймақтық мәселелер де қаралады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Түркия Газадағы атысты тоқтату келісімінің орындалуын қадағалайды»

Ресми тұлғалардың айтуынша, күн тәртібінде сауда, энергетика, қорғаныс және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелерін талқылау бар.

«Бұл сапарлар тек экономикалық ынтымақтастық туралы емес», – дейді Анкарадағы Таяу Шығыс техникалық университетінің халықаралық қатынастар профессоры Октай Танрысевер.

Танрысевер «Олар сондай-ақ Түркияның аймақтық қауіпсіздікке деген адалдығын көрсетуге бағытталған, әсіресе Израильдің Дохаға жасаған шабуылынан кейін және Газаны мен Сирияны қалпына келтіру әрекеттері аясында», – деді “TRT World-ке” берген сұқбатында.

Қауіпсіздік пен экономика теңгерімі

Президент Ердоғанның сапары Газа секторындағы атысты тоқтату бітімі және Асад режимі құлағаннан кейінгі Сирияны қалпына келтіру әрекеттері аясында өтуде.

Сарапшылар Түркияның өзін қауіпсіздік кепілі және қалпына келтіру серіктесі ретінде көрсетіп жатқанын айтады.

Анкарадағы Қажы Байрам Вели университетінің доценті Суай Нилхан Ажыкалын “TRT World-ке” берген сұқбатында атысты тоқтатудың тұрақтылығы талқылаудың негізгі тақырыбы болатынын айтты.

Сонымен қатар ол Парсы шығанағына сапар Түркияға энергетикадан жасанды интеллектке дейінгі кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Анкарадағы ресми тұлғалар экономикалық дипломатияны қауіпсіздікпен тығыз байланысты деп санайды. Қорғаныс мүмкіндіктерін кеңейтіп жатқан Парсы шығанағы елдері Түркияның қорғаныс өнеркәсібі экспорты үшін маңызды болып отыр.

Танрысевер: «Президент Ердоған әрқашан Парсы шығанағы елдерімен қарым-қатынасқа үлкен мән берді, бұл сапар экономикалық және қауіпсіздік байланыстарын одан әрі нығайтады», – дейді.

Президент Ердоған Кувейт пен Катарға бірнеше рет барғанымен, Оманға бұл - оның президент ретінде алғашқы ресми сапары. Сарапшылар бұл сапардың символдық маңызы бар екенін айтады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған геосаяси қауіпке назар аударды

«Маскатқа сапардың өзі маңызды», – дейді Ажыкалын.

«Бұл екіжақты қарым-қатынастарда жаңа тарауды ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Түркияның Оманның дәстүрлі тәуелсіз сыртқы саясатына және оның аймақтық делдал ретіндегі рөліне қызығушылығын көрсетеді» деді ол.

Қол қойылатын келісімдер

Дипломатиялық дереккөздер сапар барысында екіжақты және көпжақты келісімдерге қол қойылатынын растады.

Бұл келісімдер инвестиция, энергетикалық қауіпсіздік және цифрлық трансформация сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейтеді.

Жасанды интеллект сияқты жаңа салаларды күн тәртібіне енгізу арқылы Түркия Парсы шығанағының жаңғырту стратегияларына бейімделуге дайын екенін көрсетіп отыр.

Ачыкалынның айтуынша, бұл келісімдер Түркияның кең ауқымды тәсілін көрсетеді. “Қорғаныс келісімдерінен бастап цифрлық серіктестіктерге дейін, Парсы шығанағы Анкараның ең жан-жақты дипломатиялық алаңдарының біріне айналуда” деді ол.

Бұл сапар аймақтық және халықаралық аудиторияға да бағытталады.

Парсы шығанағы астаналары аймақтық тұрақсыздықтан барған сайын алаңдап отырған кезде, президент Ердоғанның сапарлай баруы Анкараның серіктес әрі тұрақтандырушы ретіндегі ниетін көрсетеді.

«Түркияның Парсы шығанағы елдерінің қауіпсіздігіне деген алаңдаушылығы тек сөз жүзінде емес, ол нақты қорғаныс, сауда және дипломатиялық бастамалармен расталады», – деп қосты Танрысевер.

Сарапшылар бұл сапардың нәтижелері Түркияның екіжақты байланыстарын нығайтып қана қоймай, Парсы шығанағының экономикалық және қауіпсіздік құрылымын қалыптастырудағы өсіп келе жатқан ықпалын көрсетеді деп күтеді.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді