ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Түркия Газадағы атысты тоқтату келісімінің орындалуын қадағалайды»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Газадағы атысты тоқтату режимін бақылау үшін құрылатын халықаралық миссияға қатысатынын мәлімдеді.  Сондай-ақ Түркияның Газаны қалпына келтіру жұмыстарына да қолдау көрсететінін атап өтті.
Президент Ердоған: «Түркия Газадағы атысты тоқтату келісімінің орындалуын қадағалайды»
Президент Ердоған: «Түркия Газадағы атысты тоқтату келісімінің орындалуын қадағалайды» / AA
 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Түркияның Газада атысты тоқтату келісімінің орындалуын қадағалау үшін құрылатын халықаралық миссияға қатысатынын айтты. Ердоған Анкараның аймақтағы белсенді дипломатиялық рөлін атап өтіп, атысты тоқтату аясында қабылданған барлық шарттардың жүзеге асырылуын мұқият қадағалайтынын және атысты тоқтатуға өз үлесін қосатынын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Палестинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты

«Газаны қайта қалпына келтіру үшін халықаралық қауымдастықпен бірлесіп қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсетеміз», - деді Ердоған. Президент Газадағы жағдайды «геноцид» деп сипаттап, Түркияның негізгі мақсаты - қантөгісті тоқтату және өңірде бейбітшілік орнату екенін жеткізді. «Мақсатымыз - қырғынды тоқтату және бейбітшілік пен тыныштықты тезірек орнату», - деді ол. Палестина халқының үлкен азап шеккенін және әлемнің бұл жағдайға бей-жай қарамауы керектігін ерекше атап өтті. Ердоған: «Газалық бауырларымыз бейбітшілік, тыныштық пен қауіпсіздікке лайық халық», - деп қосты.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»