ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Халықаралық қылмыстық сот Орталық Африка Республикасындағы көтеріліс басшыларын соттады
2013–2014 жылдары «Anti-Balaka» жасақтарының бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қатыгез әрекеттері үшін Патрис-Эдуар Нгайссона 12, Альфред Екатом 15 жылға сотталды.
Халықаралық қылмыстық сот Орталық Африка Республикасындағы көтеріліс басшыларын соттады
/ Reuters

Халықаралық қылмыстық сот Орталық Африка Республикасында он жыл бұрын болған діни қақтығыстар кезінде жасалған көптеген соғыс қылмысы мен адамзатқа қарсы қылмысы үшін екі көтеріліс басшысын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сот Патрис-Эдуар Нгайссонаны 12 жылға, ал Альфред Екатомды 15 жылға соттады. Екеуі де 2013 жылдың қыркүйегі мен 2014 жылдың ақпаны аралығында ел астанасы Банги маңында мұсылман бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған «Anti-Balaka» жасағының жоғары деңгейдегі қолбасшылары болатын.

Сот үкімі кісі өлтіру, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасау, азаптау, қудалау және күштеп қоныс аударту сынды көптеген айыптарды қамтыды.
«Anti-Balaka» жасақтары 2013 жылы басым көпшілігі  мұсылмандардан құралған «Seleka» көтерілісшілер тобы президент Франсуа Бозизені биліктен тайдырғанынан кейін «Seleka-ға қарсы соғыс бастап, бүкіл ел бойынша ауқымды зорлық-зомбылықтың өршуіне себеп болған еді.

Сот «Anti-Balaka»-ның жетекшісі болған Патрис-Эдуар Нгайссонаның Франсуа Бозизені билікке қайтару және «Seleka» күштерінен кек алу мақсатындағы операцияларды жоспарлағанын мәлімдеді.
Бұрынғы қолбасшы Альфред Екатомның өз қарулы бөлімшесін толықтай бақылауда ұстағаны және басқа топтармен ұйымдасып шабуылдар жасағаны анықталды.

Алайда сот куәгерлердің мәлімдемелеріне сүйене отырып, «қақтығыс бастапқыда діни сипатта болмаған» деп шешті. Мұсылман және мұсылман емес куәгерлер соғысқа дейін әртүрлі қауымдастықтың бейбіт түрде бірге өмір сүргенін мәлімдеді.

Іс 2021 жылы басталып, айыпталушылар өздеріне тағылған айыптарды мойындамаған болатын.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді