ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
2026 жылғы Әлем чемпионатында Мексика полициясына робот иттер көмектеседі
Мексика билігі Монтеррейдегі матчтар кезінде төрт аяқты роботтардың қауіпті аймақтарда барлау жасап, полицияға тікелей эфирде бейнежазба тарататынын мәлімдеді.
2026 жылғы Әлем чемпионатында Мексика полициясына робот иттер көмектеседі
2026 жылғы Әлем чемпионатында Мексика полициясына робот иттер көмектеседі / REUTERS

Ресми өкілдер 2026 жылғы Әлем чемпионаты кезінде қызмет атқаратын робот-иттердің Мексика полициясына қылмыспен күресуге көмектесетінін хабарлады.

Робот-иттер қауіпті аймақтарға кіріп, қауіпсіздік күштеріне тікелей бейнекөріністерді жіберетіндей етіп жобаланады. Қауіпсіздік күштері футбол турнирі кезінде осы бейнежазбаларды бақылап, қажетті шараларды қабылдай алады.

11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін турнирді Мексика, АҚШ және Канада бірлесіп өткізеді. Монтеррей метрополитен аймағында орналасқан және Әлем чемпионатының матчтарын қабылдайтын Гуадалупе муниципалитеті жануарға ұқсас бұл роботтарды 2,5 миллион песоға (145 мың доллар) сатып алды.

Жергілікті әкімдік жариялаған видеода роботтардың бірі иесіз қалған ғимаратта төрт аяғымен жүріп, баспалдақпен қиындықпен болса да көтеріліп бара жатқаны көрсетілген. Кадрларда робот-иттің артында үнсіз келе жатқан бір топ полиция қызметкеріне тікелей эфирде көрініс таратып жатқаны байқалады.

Көрсетілім кезінде робот-ит қарулы адамға кезігіп, дауыс күшейткіш арқылы оған қаруын тастау туралы ескерту жасады. Гуадалупе мэрі Гектор Гарсия робот-иттердің мақсаты «полиция қызметкерлеріне алғашқы әрекет кезінде қолдау көрсету және олардың физикалық қауіпсіздігін қорғау» екенін айтты. Ол сондай-ақ роботтардың «кез келген төбелес немесе қақтығыс жағдайында» іске қосылатынын айта кетті.

Турнир кезінде «Estadio Monterrey» деп аталатын BBVA стадионында төрт матч ойналады.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды