ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Түрік қорғаныс өнеркәсібінің қарқынды дамуы халықаралық тізімдерден де көрініс табуда. АҚШ-та орналасқан қорғаныс өнеркәсібінің беделді басылымы «Defense News» дайындаған «Үздік 100» тізіміне түріктің 5 компаниясы енді. Тізімде 40-шы орынды иеленге
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде

Түрік қорғаныс өнеркәсібі отандық және ұлттық технологияларымен жаһандық аренадағы қуатын күн өткен сайын арттырып келеді. Бұл қарқынды өсімді халықаралық сарапшылар да жіті бақылауда.

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) орналасқан беделді әскери баспа «Defense News» тарапынан жыл сайын әзірленетін, әлемдегі ең ірі 100 қорғаныс компаниясы сараланатын «Defense News Top 100» тізімі жарияланды.

“ASELSAN” 40-шы, “TUSAŞ” 48-ші орында

Түркиядан 5 қорғаныс компаниясы әлемнің ең ірі алпауыттары қатарына енді.

“ASELSAN” электронды соғыс, байланыс және радар жүйелеріндегі қуатымен өсімін жалғастырды.

Өткен жылмен салыстырғанда 3 сатыға жоғарылаған компания 40-шы орынға орнығып, Түркияның тізімдегі ең жоғары сатыдағы өкілі атанды. “TUSAŞ” тізімде 48-ші орыннан көрінді.

Өндірістік қуаты мен қарқынды өсуімен назар аударған “ARCA Savunma” тізімге 53-ші орында еніп, әлемдік қорғаныс алпауыттарының қатарына қосылды. Зымыран, ракета және оқ-дәрі технологияларында маңызды жобаларды жүзеге асырған “ROKETSAN” 64-ші орынға көтерілді.

Машина және химия өнеркәсібі (MKE) болса, ауыр қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісіндегі қуатымен 81-ші орынды иеленді.

Тізімдегі 5 түрік компаниясының жалпы қорғаныс табысы 14,9 миллиард долларға жетті.

Тізімнің көш басында өткен жылдағыдай «Lockheed Martin» орнықты.

Іздеу
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”