ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Газа халқына қолдау білдірді
Режеп Тайып Ердоған құрбан айтқа арналған жолдауында Газадағы палестиналықтарды қолдайтынын атап өтіп, «Нетаньяху деген залымның әлем мұсылмандарынан лайықты жауап алатынына сенемін», – деді.
Президент Ердоған Газа халқына қолдау білдірді
Президент Ердоған Газа халқына қолдау білдірді / AA

Президент Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні құрбан айт мерекесіне орай құттықтау жариялады.

Ердоған құттықтауында құрбан айтты «рухани нығмет» деп атап, мейрамның Түркияға, түрік халқына, ислам әлеміне және бүкіл адамзатқа жақсылық әкелуін тіледі.

Ол: «Газамен қатар әлемнің түрлі өңірлерінде бұл мейрамды қайғымен қарсы алып отырған бауырларыма қолдау білдіріп, түрік халқының атынан ізгі тілектерімді жолдаймын әрі Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған құрбан айт мерекесімен құттықтады

Сәрсенбі күні Түркияда миллиондаған адам құрбан айттың алғашқы күнінде айт намазын оқыды.

Ердоған Стамбулдағы Чамлыджа мешітінде айт намазын оқығаннан кейін журналистерге берген сұхбатында діни мерекелердің қоғамдағы байланыс пен өзара көмекті нығайтатынын айтты.

«Бәрінен бұрын діни мерекелер – сүйіспеншілік, құрмет, бірлік, ынтымақ пен қолдау күні», – деген Ердоған Газадағы жағдай Түркия мен әлем мұсылмандарының мерекелік қуанышына көлеңке түсіріп отырғанын жеткізді.

Беньямин Нетаньяхуға реакция білдірген Ердоған оны «залым» деп атап, әлем мұсылмандарының Израильдің Газадағы әрекеттеріне қарсы бірігетініне үміт білдірді.

Ердоған: «Нетаньяху деген залымның әлем мұсылмандарынан лайықты жауап алатынына сенемін», – деді.

Түркия  ̶  Израильдің Газадағы шабуылдарын ең қатты сынаған елдердің бірі. Ердоған бірнеше рет атысты шұғыл тоқтатуға, гуманитарлық көмекті арттыруға және Израильге халықаралық қысымды күшейтуге шақырған болатын.

Құрбан айт Ибраһим пайғамбардың Алланың әміріне мойынсұнып, ұлын құрбан етуге келіскенін және соңғы сәтте оның орнына қошқар шалынғанын еске салатын мейрам.

Мұсылмандар осы оқиғаның құрметіне құрбан шалып, етін мұқтаж жандар мен жақындарына таратады.

Іздеу
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»