САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Қытай Тайланд пен Камбоджа министрлерін қабылдады
Бейжің бірнеше аптаға созылған қақтығыстардан кейін Тайланд және Камбоджамен келіссөздер өткізіп, араағайындық рөлін кеңейтуге, әрі қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылып отырғанын көрсетті.
Қытай Тайланд пен Камбоджа министрлерін қабылдады
Қытай Тайланд пен Камбоджа министрлерін қабылдады / AP

Камбоджа мен Тайландтың Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні қытайлық әріптестерімен кездесті. Бұл кездесу Қытай билігінің жаһандық дипломатиядағы ықпалының артуымен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы екі ел арасындағы қанды шекара дауына араағайындық жасауға тырысып отырған кезеңде өтті.

Үшжақты кездесу даулы шекараның солтүстігінде, Қытайдың оңтүстік-батысындағы бір уәлаятта  өтті. Отырыс Тайланд пен Камбоджаның бірнеше аптаға созылған қақтығыстарды тоқтату үшін жаңа атысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін екі күн өткен соң өтті. Қақтығыс салдарынан 100-ден астам адам қаза тауып, екі жақтан да жүз мыңдаған тұрғын эвакуацияланды.

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И дүйсенбі күні Юньнань уәлаятындағы кездесуде бірлескен күш-жігерге шақырып, «Соғыс отының қайта тұтануына жол беру ˗ екі ел халқының және Қытайдың қалауы емес. Сондықтан біз нық қадаммен алға ілгерілеуіміз керек», - деді.

Қытайлық аудармашының айтуынша, Камбоджаның Сыртқы істер министрі Прак Сокхонн бейбітшілікке үміт білдіріп, атысты тоқтату келісімі ұзақ мерзімді және екі елге қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасайтынына сенетінін жеткізді.

Сондай-ақ аудармашы Тайланд Сыртқы істер министрі көрші елдермен бейбітшілік орнайтынына үміт артқанын айтты.

Кезең-кезеңімен шешу

Тайланд Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Қытайдың екі ел арасындағы бейбітшілікті қолдау үшін ерікті түрде алаң ұсынып отырғанын, әрі Тайланд қарым-қатынасты кезең-кезеңімен  түзету қажет екенін қайта атап өткенін хабарлады.

Министрлік: «Тайланд тарапы 72 сағаттық атысты тоқтатуды бақылау мерзімінен кейін 18 әскери қызметкерді босатуды қарастырады және Камбоджа шекарасындағы тайландтықтардың қайта оралуын жеңілдетуді талап етеді», - деді.

Жаңа келісімге қол қойылғаннан бір күн өткен соң, Сихасак пен Прак Сокхонн жексенбі күні Ван Имен бөлек-бөлек келіссөз жүргізді.

Бұл кездесулер Қытайдың араағайын рөлін, әсіресе Азиядағы өңірлік дағдарыстарға ықпалын күшейтуге бағытталған талпыныстарын көрсетті.

Қытай өңірлік әрі жаһандық деңгейде экономикалық және саяси державаға айналған сайын, Бейжің соңғы он жылдан астам уақыт бойы дипломатиялық мәселелерде үшінші тарап ретінде өз дауысын күшейтуге ұмтылып келеді.

Дау жалғасуда

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы екі ел алғашында атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын.

Бұл келісім Малайзияның араағайындығымен және АҚШ президенті Дональд Трамптың қысымымен жасалды. Алдын ала келісімнен кейін қазан айында жан-жақты келісім орнатылды.

Алайда Тайланд пен Камбоджа арасында шиеленіс жалғасып, шекара тысында ұсақ-түйек зорлық-зомбылық оқиғалары да тоқтамады.

Шиеленіс желтоқсан айының басында ауыр қақтығыстарға ұласты.

Сенбі күні қол жеткізілген келісім бойынша, Тайланд шілдеден бері қамауда отырған 18 камбоджалық сарбазды қайтаруы тиіс. Бұл сарбаздарды босату ˗ Камбоджа тарапының маңызды талаптарының бірі.

Келісім екі тарапты да құрлықтағы миналарды қолдануға қатысты халықаралық келісімдерді сақтауға шақырады. Бұл ˗ Тайландтың ең үлкен алаңдаушылықтарының бірі.

Камбоджа премьер-министрі Хун Манет дүйсенбі күні Тайланд шекарасында орналасқан барлық камбоджалық жауынгерлерге үндеу жасап, «Әлі де соғыса аламыз… бірақ шағын ел ретінде қақтығысты ұзаққа созудың еш пайдасы жоқ», -  деді.

Іздеу
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді
Дания Сыртқы істер министрі Расмуссен Ресейдің Даниядағы елшісі Барбинді министрлікке шақырды
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды
Ұлыбритания ыдырай ма? Шотландия, Солтүстік Ирландия және Уэльстен тәуелсіздік қадамдары
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді