САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей мен Украина жүздеген сарбаз айырбастады
Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның 31 жаралы сарбазын 15 ресейлік әскери қызметкерге айырбастағандарын хабарлады.
Ресей мен Украина жүздеген сарбаз айырбастады
/ Reuters

Мәскеу мен Киев соғыс басталғалы бері ең ауқымды тұтқын алмасуды жүзеге асырды. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, сенбі күні екі тарап 246 әскери тұтқынды алмастырған.
Министрліктің мәлімдемесінде ресейлік әскери қызметкерлердің қазіргі таңда Беларусь аумағында психологиялық және медициналық көмек алып жатқаны, кейінірек емделу және оңалту үшін Ресейге жеткізілетіні айтылды.
Министрлік сонымен қатар ізгі ниеттің белгісі ретінде тараптардың ауыр жараланған сарбаздарды да алмастырғанын мәлімдеді. Бұл аяда 31 украиналық сарбаз 15 ресейлікке айырбасталды.
Ведомство Біріккен Араб Әмірліктерінің бұл тұтқын алмасуды ұйымдастырудағы араағайындық күш-жігерін жоғары бағалап, маңызды гуманитарлық үлесі үшін алғыс білдірді.

Ресей Украинадағы тағы бір ауылды басып алды
Ресей сенбі күні жасаған мәлімдемесінде соңғы 24 сағат ішінде Украинаның шығысындағы Донецк облысында тағы бір ауылды бақылауға алғанын хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің дерегінше, ресейлік күштер Донецк облысындағы Шевченко елді мекенін бақылауға алған.
Министрлік Украинаның «Сапсан» тактикалық зымыран жүйесі мен оны қорғауға арналған Норвегияда жасалған “NASAMS” әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің сынақ аймағына жоғары дәлдікке ие құрлықтық және теңіздік қарулармен, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарымен топтық соққы жасалғанын мәлімдеді.
«Шабуыл мақсатына сәтті жетті. Белгіленген барлық нысаналар жойылды», – делінген мәлімдемеде.
Бұдан бөлек, соңғы 24 сағат ішінде ресейлік әуе қорғаныс жүйелері алты “JDAM” бағытталған әуе бомбасын, үш “HIMARS” зымыранын және 151 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойғаны хабарланды.
Украина бұл мәлімдемелерге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды