САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Болливудтағы мұсылмандардың өзгермелі бейнесі
Болливудтағы мұсылмандардың бейнесі Үндістанның өзгеріп жатқан әлеуметтік және саяси көрінісін қалай көрсетті?
00:00
Болливудтағы мұсылмандардың өзгермелі бейнесі
Болливудтағы мұсылмандардың өзгермелі бейнесі / Reuters
27 Ақпан 2025

Болливуд, яғни Үндістанның үнді тіліндегі кино индустриясы 100 жылдан астам уақыт бойы фильмдер шығарып келеді. Бұл фильмдер тек көңіл көтеру үшін ғана емес,  олар бізге үнді қоғамының өзін қалай көретінін көрсетеді. Сонымен Болливудтағы мұсылмандардың бейнесі Үндістанның өзгеріп жатқан әлеуметтік және саяси көрінісін қалай көрсетті?

1959 жылы Юш Чоопра атты жас режиссер өзінің алғашқы фильмі "Dhool Ka Phool"-ды шығарды. Бұл фильмде мазмұны маңызды бір ән болды:

Бұның мағынасы: "Сен үнді немесе мұсылман болып өспейсің; сен адам болып өсесің." дегенге келеді. 

Бұл идея сол кездегі Үндістанда маңызды болды. Ел діни негіздегі жікшілдіктен кейін қалпына келіп жатқан еді. Чоопраның фильмі далада қалған үнді баланы баққан мұсылман ер адам туралы болатын. Фильмде діни ынтымақтастықтың оң бейнесі суреттелді.

Келесі жиырма жыл бойы көптеген үнді фильмі мұсылмандарды үнді қоғамының ажырамас бөлігі ретінде көрсетті. 1977 жылы танымал "Амар Акбар Антони" фильмі діни әртүрлілікті асқақатты. Ол әр түрлі діндерде өскен үш бауырдың әңгімесін суреттеді: индуизм, ислам және христиан, бірақ олар ортақ адамгершілікпен біріктірілген еді. Алайда Болливудтың мұсылмандарды бейнелеу тәсілі өзгере бастады.

1992 жылдың 6 желтоқсанында маңызды оқиға болды. Сол күні үнді ұлтшылдары тарихи мешітті қиратты. Бабри мешітінің қирауы әлеуметтік толқуларға себеп болды және үнді ұлтшылдығын күшейтті. Бұл фильмдердегі мұсылмандардың бейнеленуіне де әсер етті.

1992 жылдан кейін фильмдер мұсылмандарды басқаша бейнелей бастады. Енді олар қарсыластар немесе ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде көрсетілді. 1992 жылғы "Роджа" фильмі осы жаңа стереотиптерді енгізген алғашқы фильмдердің бірі болды.

Уақыт өте келе көптеген фильм осы жағымсыз бейнені күшейтті. "Суфурош" және "Фунаа" сияқты фильмдер бұл үрдісті жалғастырды. Бұл тек экшн фильмдерімен шектелмеді; ол басқа жанрларда да пайда болды. Мысалы "Фунаа"  Үндістанға қарсы шабуыл жоспарлап жүрген кашмирлік көтерілісшіге ғашық болған  кашмирлік соқыр әйел туралы махаббат туралы бір фильм.

2014 жылы үнді ұлтшыл көзқарастағы саяси партия Үндістанның ұлттық сайлауында жеңіске жетті. Осыдан кейін фильмдер белгілі бір идеологияны ашық насихаттай бастады. "Пудмувут" және "Тунхуджи" сияқты тарихи фильмдер мұсылман тарихи тұлғаларын жағымсыз түрде көрсетті.

Соңғы жылдары мұсылманға қарсы кейбір фильмдер күшті үкіметтік қолдауға ие болды. Мысалы "The Kashmir Files" және "The Kerala Story" фильмдердің билеттері көбірек көрермен тарту үшін кейбір штаттарда салықтан босатылды деп жарияланды. "The Kashmir Files" үнділердің  Джамму мен Кашмирден кетуі туралы әңгімелесе, "The Kerala Story" ДАИШ-ке қызмет ету үшін саудаланған әйелдер туралы фильм.

Фильмдердің мұсылмандарды бейнелеу тәсілінің бұл өзгерісі алаңдатарлық жағдай. Фильмдер тек көңіл көтеру құралы ғана емес; олар адамдардың қоғамдағы басқалар туралы ойлау тәсілін қалыптастыра алады. Енді сұрақ мынадай: Болливуд осы жолды жалғастыра ма, әлде біз алтын дәуірдің көпшіл рухына оралғанын көреміз бе?

"Амар Акбар Антони" фильміндегі сүйікті Акбар сияқты кейіпкерлер біздің экранымызда қайтадан көріне ме, жоқ па, оны тек уақыт көрсетеді. Бірақ бір нәрсе анық - киноның қоғамның көзқарасын қалыптастыру күші әрдайым мықты.

Бүгінгі тақырып осымен аяқталды. Тыңдағандарыңыз үшін рахмет,  келесі кездескенше сау болыңыздар! Бұл подкаст Нилосри Бисвастың TRT World үшін жазған  мақаласынан алынды. 

Іздеу
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді