ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«АҚШ Конгресінде Түркияға деген көзқарас жақсарып келеді»
НАТО Парламенттік Ассамблеясындағы Түркия делегациясы Вашингтонда одақтың әлеуеті, қорғаныс саудасындағы кедергілер, өңірлік дағдарыстар және Түркияның рөлі жөнінде келіссөздер жүргізді.
«АҚШ Конгресінде Түркияға деген көзқарас жақсарып келеді»
«АҚШ Конгресінде Түркияға деген көзқарас жақсарып келеді» / AA

НАТО Парламенттік Ассамблеясы Түркия делегациясының басшысы Мевлүт Чавушоглу АҚШ Конгресінде Түркияға бағытталған оң көзқарастың артып келе жатқанын айтты.

Сәрсенбі күні Транс-Атлантикалық форум аясында Вашингтонға жасаған сапар барысында делегацияға жетекшілік еткен Чавушоглу АҚШ конгресмендерімен бірге бірнеше елдің өкілдерімен кездескендерін және Конгресте Түркияға қатысты оң көзқарастың күшейгенін байқағандарын жеткізді.

Чавушоглуның айтуынша, форумда НАТО-ның қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін көтеру мақсаты да қамтылған, одақ үшін маңызды мәселелер мен ауқымды басымдықтар да талқыланған.

Түркия делегациясы қорғаныс өнеркәсібіндегі инновация, бірлескен өндіріс, қорғаныс өнімдеріне қатысты сауда шектеулерін жою, НАТО-ның қабілеттері мен тежеу ұстанымын күшейту, сондай-ақ Ресей-Украина соғысы сияқты тақырыптарды қарастырды.

Чавушоглу: «Біз Түркия делегациясы ретінде қорғаныс саудасына қатысты шектеулердің одақтастық рухына қайшы келетінін атап өттік. Түркияға қатысты әлі де кейбір шектеулер бар екенін білесіздер»,- деп Анкараның қақтығыс шешудегі белсенді бастамалар арқылы аймақтық және жаһандық дағдарыстар жөнінде маңызды көзқарастар ұсына алатынын жеткізді.

Түркиядағы маңызды кездесулер

Түркияның бұрынғы Cыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу араағайындық жасауға бағытталған бастамалар мен АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Ресей-Украина бейбітшілік жоспарының да талқыланғанын айтты.

Чавушоглуның айтуынша, АҚШ әкімшілігінің жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, әсіресе оның кейбір бөлімдері Еуропалық қатысушылар тарапынан алаңдаушылық тудырып, форумда талқыланған.

Ол Түркия делегациясының АҚШ конгрессмендеріне президент Режеп Тайып Ердоғанның қыркүйек айында президент Дональд Трамппен өткізген кездесуінде берілген міндеттемелерді еске салғанын және Конгрестің екі көшбасшы қалыптастырған оң серпінді қолдауы қажеттігін атап өткенін жеткізді.

Чавушоглу: «Олардың да көзқарасы мен тілегі осы бағытта болды», - деді.

Чавушоглу келесі жылы НАТО саммитінің Түркияда өтуі маңызды екенін атап өтіп, саммиттің 7-8 шілде күндері президент Ердоғанның төрағалығымен Анкара қаласында өтетінін хабарлады.

Ол сондай-ақ НАТО Парламенттік саммиті де Түркияда ұйымдастырылатынын және осылайша келесі жылы өтетін осы екі маңызды жиынмен қатар БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі «COP31» саммиті де Түркияда өткізілетінін мәлімдеді.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр