ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Біз Трамптың Түркияның сезімталдығын ескеретін көзқарасын құптаймыз»
Президент Режеп Тайып Ердоған «Досым Трамп екеуміздің жаңа кезеңде екіжақты қарым-қатынасымызға жаңа серпін қосатынымызға сенімдімін», - деді.
Президент Ердоған: «Біз Трамптың Түркияның сезімталдығын ескеретін көзқарасын құптаймыз»
/ AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамптың Түркияның сезімталдығын ескеретін көзқарасын құптағандарын және екі көшбасшы ретінде Сирия мәселесінде бір-бірін түсінгендерін мәлімдеді.

Ердоған сәрсенбі күні Италия сапарынан қайтар жолда жасаған мәлімдемесінде «Мен досым Трамп екеуіміз жаңа кезеңде екіжақты қарым-қатынастарымызға мүлде басқа серпін қосатынымызға сенімдімін», - деді.

Трамппен алғашқы мүмкіндікте бетпе-бет кездесетінін атап өткен Ердоған телефон әңгімелерінің өте жылы, нәтижелі және достық қарым-қатынаста өткеніне тоқталды.

Израильдің Сирия территориясына жасаған шабуылдарын Дамасктегі жаңа әкімшілікпен басталған оң қарым-қатынасты бұзу әрекеті деп сипаттаған Ердоған Сириядағы федералды құрылымның ел шындығымен үйлеспейтін құр арманнан басқа ештеңе емес екенін атап өтті.

Италиямен екі жақты қарым-қатынастарға тоқталған Ердоған Анкара мен Римнің тек қорғаныс өнеркәсібінде ғана емес, авиация және ғарыш сияқты жоғары технология салаларында да ынтымақтастыққа ұмтылғанын баса айтты.

Президент екі ел арасындағы өзара технология трансферінің Түркияның ішкі қорғаныс өнеркәсібін нығайтып, Италияға жаңа перспектива ұсынатынын мәлімдеді.

Іздеу
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін