ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
3 ... минут оқылды
Жалғыздықтан сағат сайын 100 адам қайтыс болады
ДДСҰ есебі бойынша, жалғыздық әлемде әрбір 6 адамның біріне әсер етеді, өлім-жітімнің артуына, психикалық денсаулықтың нашарлауына және бай мен кедей елдерде экономикалардың қауіпке ұшырауына себеп болуда.
Жалғыздықтан сағат сайын 100 адам қайтыс болады
/ Getty Images

Әлем бойынша адамдардың өмірін үнсіз қысқартатын басты себептердің бірі - соғыс, аштық немесе ауру емес, жалғыздық. Жыл сайын жүздеген мың адам жанында мұңын бөлісетін жанның жоқтығынан өмірден өтуде.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жаңа есебінде әлемдегі әрбір алтыншы адамның жалғыздық эпидемиясынан зардап шегетіні анықталды. Бұл жағдай жыл сайын 871 мыңнан астам өлімге, яғни сағатына шамамен 100 адамның өмірден өтуіне себеп болуда.

ДДСҰ әлемнің әлеуметтік тоқырау дағдарысында екенін, оның денсаулыққа, экономикаға және қоғамға кең ауқымды әсер ететінін ескертеді. Бұрын жеке сезім ретінде қарастырылған жалғыздық қазір денсаулыққа жаһандық қауіп ретінде қарастырылуда.

«Жалғыздық темекі шегу мен семіздік сияқты маңызды қоғамдық денсаулық мәселесі», – деді ДДСҰ-ның Әлеуметтік байланыс жөніндегі комиссиясының тең төрағасы және АҚШ-тың бұрынғы бас хирургі доктор Вивек Мурти.

Ол “The Guardian” басылымына берген сұхбатында жалғыздықты «әлеуметтік байланыстың жетіспеушілігін көрсететін сигнал» деп сипаттап, оны тамақтану қажеттілігімен салыстырды.

Байланыста болмаудың көрінбейтін құны

Жалғыздық – адамдардың өздері қалайтын қатынастар мен қолындағы байланысы арасындағы алшақтықтан туындайтын күйзеліс. Бұл денсаулыққа күніне 15 темекі шегумен тең зиян келтіреді.

Жалғыздық жүрек ауруы, инсульт, 2-типті қант диабеті, депрессия, мазасыздық және когнитивті құлдырау қаупін арттырады. Әлеуметтік оқшауланған адамдар суицидтік ойлар немесе өзіне зиян келтіру қаупіне жиі ұшырайды.

Жалғыздықтың әсері денсаулықпен шектеулі емес.

Жалғыздық сезінетін жасөспірімдер мектепте төмен баға алуға немесе мектептен шығып кетуге бейім. Ал ересектер ұзақ уақыт жалғыз болса, жұмыс табу ықтималы азаяды немесе жұмысынан айрылып қалуы мүмкін. Ұлттық деңгейде болса бұл өнімділіктің төмендеуіне, денсаулық сақтау шығындарының өсуіне және қоғамдағы сенімнің азаюына әкеліп соғады.

«Технологиялық жақтан байланыс орнату мүмкіндіктері шексіз болған заманда адамдардың көбі өзін оқшау және жалғыз сезінеді», – деді ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

«Бұл жеке адамдарға, отбасыларға және қауымдастықтарға тигізетін әсерінен бөлек, егер шешілмесе, жалғыздық пен әлеуметтік оқшаулану қоғамға денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларында миллиардтаған шығын әкелуді жалғастырады», – деп қосты ол.

Тек бай елдердің мәселесі емес

Көпшілік ойлағандай, жалғыздық тек бай елдердегі қартайған халықтардың мәселесі емес. Шын мәнінде табысы төмен елдерде жалғыздық деңгейі әлдеқайда жоғары – 24 пайыз, ал табысы жоғары елдерде бұл көрсеткіш 11 пайызды құрайды.

Әлемдегі жасөспірімдердің 21 пайызы өздерін жалғыз сезінеді, ал ең жоғары көрсеткіш жастар арасында тіркелген.

Босқындар, мигранттар, мүгедектер және этникалық азшылықтар секілді топтар болса кемсітушілік, кедейлік немесе қоғамдық инфрақұрылымға қолжетімділіктің болмауы секілді қосымша қиындықтарға тап болады.

«Цирфлық тұрғыдан байланысқан әлемде жастардың көбі өзін жалғыз сезінеді. Технология біздің өмірімізді өзгертсе де, оның адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуын қамтамасыз етуіміз керек», – деді Африка Одағы төрағасының кеңесшісі және Комиссияның тең төрағасы Чидо Мпемба.

Қайтадан қатынасқа өтуге жаһандық шақыру

Күшейіп келе жатқан осы дағдарысқа жауап ретінде ДДСҰ елдерді адами қарым-қатынастардың қайта орнауы жөніндегі қоғамның көзқарасын өзгерту үшін бес бөлімнен тұратын іс-қимыл жоспарын қабылдауға шақырады.

Бірақ шешім тек үкіметтердің жауапкершілігінде емес.

ДДСҰ мектеп, жұмыс берушілер, қала жоспарлаушылары, денсаулық сақтау қызметкерлері және жеке адамдардың барлығын әрекет етуге шақырады.

Денсаулық Сақтау ұйымының айтуынша, саябақ пен кітапхана салудан бастап, терапия ұсынуға немесе көршіңізбен сөйлесуге уақыт бөлуге дейін жалғыздықты азайтуға арналған қадамдар қарапайым, бірақ өте маңызды.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді