ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
“Әлемнің ең мейірімді судьясы” Фрэнк Каприо 88 жасында өмірден өтті
Фрэнк Каприоның cот залындағы әділдігімен қатар мейірімге толы істері де қоғамда өшпес із қалдырды.
“Әлемнің ең мейірімді судьясы” Фрэнк Каприо 88 жасында өмірден өтті
/ AP
21 Тамыз 2025

“Әлемнің ең мейірімді судьясы” ретінде танылған АҚШ судьясы Фрэнк Каприо ұйқы безінің қатерлі ісігінен 88 жасында өмірден озды.

Каприоның “Instagram” парақшасында сәрсенбі күні жарияланған хабарламада, судьяның “ұйқы безіеің қатерлі ісігімен ұзақ әрі батыл күрестің” нәтижесінде қайтыс болғаны айтылды.

“Судья Каприо сот залында да, одан тыс та жасаған еңбектері арқылы миллиондаған адамның өміріне әсер етті. Оның жылылығы, әзілқойлығы мен мейірімділігі оны таныған әрбір жанның жүрегінде өшпес із қалдырды”, – делінген жазбада. Сондай-ақ “оның естелігі тек құрметке ие судья ретінде ғана емес, адал жар, әке, ата, ардақты ата және дос ретінде қалады” деп атап өтілді.

Өлімінен бір күн бұрын Каприо “Instagram”-дағы жазбасында қатерлі ісікпен күресінде оқырмандарынан оған дуға етуді өтінген.

“Бұл ауыр күресте сіздердің дұғаларыңыз көңіл күйімді көтереді”, – деп жазған Каприо “Өкінішке қарай, сырқатым қайта асқынып, ауруханаға түстім” деп қатерлі ісіктің қайта оралғанын хабарлаған.

Ол сөзін: “Мүмкін болса, мен үшін қайтадан дуға етулеріңізді сұраймын. Дұғаның күші бар екеніне шын жүректен сенемін”, – деп түйіндеген.

1936 жылы Род-Айленд штатында дүниеге келген Каприоның cот залындағы әділдігімен қатар мейірімге толы істері де қоғамда өшпес із қалдырды.
Қызметінде әрдайым жанашырлық пен түсіністік танытқан Каприо қаржылық жағдайы нашар адамдардың айыппұлдарын жиі жеңілдетіп немесе мүлде кешіріп отырды.

Род-Айленд губернаторы Дэн Макки судьяның отбасына көңіл айту үшін арнайы мәлімдеме жасады. Макки: “Мен үшін ол ауруымен батыл күрескен дос болды, мен оны қатты сағынатын боламын. Бұл қиын кезеңде оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын,” – деді.

Сонымен қатар ол: “Судья Каприо халыққа тек жақсы қызмет көрсетіп қана қойған жоқ, олармен мағыналы байланыс орнатты.  Адамдар оның жылулығы мен шапағатына бейжай қала алмады. Ол жай ғана заңгер емес, сот залында эмпатияның символы болды және әділеттілік адамгершілікпен үйлескенде қандай нәтижелерге жетуге болатынын көрсетті,” – деп қосты.

Каприо 2018–2020 жылдары “Emmy” сыйлығына ұсынылған “Caught in Providence” атты бағдарламаға қатысқан. Бағдарламада Каприо әртүрлі құқық бұзушылық істерін тыңдап, айыпталушыларға әкелік мейіріммен қарайтын және шынайы жанашырлық көрсететін.

Іздеу
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді