ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ Сириядағы "Хайят Тахрир аш-Шам" тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруды қарастыруда
Мемлекеттік департамент аталған ұйымның мәртебесін және Цезарь заңына сәйкес енгізілген санкцияларды тоқтату мүмкіндігін қайта қарайтынын мәлімдеді.
АҚШ Сириядағы "Хайят Тахрир аш-Шам" тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруды қарастыруда
/ Reuters

АҚШ дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Башар Асадтан кейінгі Сирияға қарсы санкциялардың алынуымен бірге "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруы мүмкін екенін хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті жасаған мәлімдемеде ХТШ-ның террорлық ұйым мәртебесі қайта қарастырылатыны және Сирияға қарсы қолданылып жатқан Цезарь заңы шеңберіндегі санкцияларды толықтай тоқтату мүмкіндігінің қаралатыны айтылды. Бұл қадам АҚШ Президенті Дональд Трамптың нұсқауына сәйкес жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Сондай-ақ ХТШ мен Сирия Президенті Ахмед әл- Шараның "Жаһандық Ерекше Анықталған Террорист" мәртебелері, сондай-ақ Сирияның "Терроризмді қолдайтын мемлекет" ретіндегі мәртебесі де қайта қарастырылатыны және БҰҰ арқылы санкцияларды жеңілдетудің қосымша жолдары зерттелетіні айтылды.

Мәлімдемеде: «Бүгінгі қадамдар Сирия халқының қауіпсіз, тұрақты және табысты болашақ құру жолында жаңа кезең бастағанын білдіреді» делінген.

«Тұрақтылық пен бейбітшілік жолы»

Ақ Үй дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Трамптың АҚШ-тың Сирияға қатысты санкция бағдарламасын тоқтату үшін президент жарлығына қол қойғанын хабарлады.

Бұған дейін Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт бұл қадамның Сирияның «тұрақтылық пен бейбітшілік жолын» қолдауға бағытталғанын журналистерге айтқан болатын.

Мамыр айында Трамп Эр-Риядта өткен инвестициялық форумда Сирияға салынған «қатігез және күйретуші» санкцияларды алып тастайтынын хабарлаған болатын. Келесі күні ол Сауд Арабиясында әл-Шарамен тарихи кездесу өткізді. Бұл АҚШ пен Сирия басшылары арасындағы 25 жылдан кейінгі алғашқы кездесу болды.

Шамамен 25 жыл бойы Сирияны басқарған Башар Асад 8 желтоқсанда «Хайят Тахрир аш-Шам» басқаратын оппозициялық топтар Дамаскты басып алғаннан кейін Ресейге қашып кетті.

Іздеу
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Әзербайжан және Грузиядағы әріптестерімен кездесті
«TEKNOFEST» 4 қазанға дейін жалғасады
АҚШ Сирияға қатысты қорғаныс экспортына қойылған шектеулерді жеңілдетті
Қырғызстанда әзірленген алғашқы ұлттық жерсерік орбитаға ұшырылды
Президент Зеленскийдің мәлімдемесі Оңтүстік Кореяның наразылығын туғызды
Түркия хоуситтердің шабуылын қатаң айыптады
Президент Ердоған Ұлы Ұлттық Мәжілісінің отырысына қатысты