Түркия мен Өзбекстан Халықаралық Түркі Мемлекеттері университетін ашты
Екі елдің Жоғары білім кеңесі Халықаралық Түркі Мемлекеттері университетін ашу үшін  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Түркия мен Өзбекстан Халықаралық Түркі Мемлекеттері университетін ашты
/ AA
8 Сәуір 2025

Өзбекстан астанасы Ташкентте Түркия мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде құрылған Халықаралық Түркі Мемлекеттері университеті ресми түрде өз жұмысын бастады. Дүйсенбі күні Түркияның Жоғары білім кеңесінде (YÖK) екі ел арасында келісімге қол қойылды. Бұл оқиға екі ел арасындағы академиялық ынтымақтастықтың дамуының маңызды кезеңі ретінде атап өтілді.

Түркияның Жоғары білім кеңесінің төрағасы Ерол Өзвар университеттің әлеуетіне сенім білдіріп, «Университетіміз тек білікті жас ұрпақты дамытуға ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен инновациялық салаларда жетекші жобаларды жүзеге асырып, елдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады,» - деді.

Өзвар Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік даму департаментінің басшысы және Жоғары білім кеңесінің төрағасы Одил Абдурахмановпен кездесті. Кездесу барысында Халықаралық Түркі Мемлекеттері университетін құру туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Өз сөзінде Өзвар өзбек делегациясын қабылдағанына қуанышты екенін айтып, университеттің Түркия мен Өзбекстан арасындағы тарихи байланыстар тұрғысынан маңыздылығына тоқталды.  «Бүгін біз екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуының тарихи күнін атап өтудеміз. Бұл университет жоғары білім саласындағы маңызды қадам», - деді ол.

Өзвар президент Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің ерік-жігері аясында ортақ университет құру жұмысының жалғасып келе жатқанын айтып, 25 қаңтарда Ташкентте Халықаралық Түркі мемлекеттері университетін құру туралы жарлықпен ортақ көзқарасты жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық негіз қалыптастырылғанын еске салды.

Университеттің басты миссиясы – екі елге қажетті жоғары білікті мамандарды дайындау, ғылым мен технология саласында болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу және академиялық алмасуларды арттыру.

«Университет Түркия мен Өзбекстанның білім мен тәжірибесін біріктіру арқылы екі елдің болашағына елеулі үлес қосып, олардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады» - деді Өзвар.

Алғашқы кезеңде университет инженерия, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бұл бағдарламалар Стамбул Техникалық университеті, Таяу Шығыс Техникалық университеті, Хаджеттепе университеті және Эгей университеті сияқты Түркияның жетекші университеттерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

Абдурахманов Өзвардың қабылдауы үшін алғысын білдіріп, жобаның маңыздылығын атап өтті. Университет құру туралы шешімге Өзбекстан президенті Мирзиеевтің қаңтар айында қол қойғанын еске салған Абдурахманов университеттің Түркияның 4 университетінің білім беру бағдарламалары және профессорларымен жұмысын бастайтынын айтты.

Сондай-ақ ол Түркі әлемінің өркениетінің бір екенін атап өтіп, «Осы университет арқылы жаңа жобалар жасайтынымызға сенеміз» деді.

Іздеу
Түрік тауарлары «Еуропа Одағында өндірілген» таңбасын алады
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Сауд Арабиясы үш баллистикалық зымыранды тойтарды
Түркия Эгей аралдарының қарусыздандырылған мәртебесін әлсірету әрекеттеріне қарсы
Иран АҚШ-тың  мұнай танкеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді
Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады
Израильдің әуе шабуылдарынан Ливанда 12 адам қаза тапты
АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған бастаманы қабылдамады
БҰҰ: “Газада әйелдер мен қыздар аса қиын жағдайда”
АҚШ Кувейтте қаза тапқан екі сарбаздың аты-жөнін жариялады
Испанияның премьер-министрі: «Испания соғысқа қарсы»
БҰҰ: Соғыстың алғашқы екі күнінде Тегераннан 100 мың адам кетіп қалды
АҚШ–Израиль шабуылдарынан 926 адам қаза тапты
НАТО Түркияға бағытталған Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірді
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді