САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Испания Палестинаға бітімгершілік күшін жіберуге дайын
Испания - Израильдің Газаға қарсы жүргізіп жатқан қатал соғысына Еуропадағы ең қатты сын айтушы елдердің бірі.
Испания Палестинаға бітімгершілік күшін жіберуге дайын
Испания Палестинаға бітімгершілік күшін жіберуге дайын / Reuters

Испания премьер-министрі Педро Санчес бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Украинаға әскер жіберуге дайын болғандары сияқты «мүмкіндік туғанда» Палестинаға да бітімгершілік мақсатында әскер жіберуге дайын екендерін айтты.

Мадридте испан елшілерімен кездескен премьер-министр Педро Санчес: «Егер мүмкіндік туса және бұл бейбітшілікті орнату миссиясын қалай ілгерілетуге болатынын көрсек, мен Парламентке Палестинаға бітімгершілік күшін жіберуді ұсынамын», — деді.

«Әрине біз Палестина мен Газа секторын ұмытқан жоқпыз... Испания Палестинадағы үмітті қайта жаңғыртуға белсенді қатысуы керек. Ол жердегі жағдай әлі де қабылдауға келмейді» деді ол.

Санчес сондай-ақ бейбітшілік келісімі орнаған жағдайда Испанияның Украинаға әскер орналастыруға дайын екенін тағы да қайталап, қазіргі сәтті бейбітшілік орнату үшін «сыни» және «шешуші» кезең деп атады.

«Егер Испания елімізден алыс көптеген аймаққа бітімгершілік күшін жіберген болса, Еуропа елі болып табылатын Украинаға қалай жібермейді?» — деп қосты ол.

Ресей президенті Владимир Путин Украина аумағында кез келген шетелдік бітімгершілік күшінің болуына қарсы.

2024 жылы Палестина мемлекетін таныған Испания үкіметі Израильдің Газадағы геноцидтік сипаттағы соғысын Еуропада ең қатты айыптаушылардың бірі болды.

Өткен жылдың соңында Санчес Мадридте Палестина әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббаспен кездесуінде палестиналықтардың «қиын жағдайына» қатысты хабардарлықты арттыруға шақырған болатын.

 

Іздеу
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі