ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Таиланд пен Камбоджа әскерлері қақтығысты
Бірнеше аптаға созылған шиеленістерден кейін екі елдің армиясы бір-бірін «бірінші оқ жаудырды» деп айыптады.
Таиланд пен Камбоджа әскерлері қақтығысты
/ Reuters

Таиланд пен Камбоджа армиясы шекарадағы даулы аймақта қарулы қақтығыс басталғанын хабарлады. Бірнеше аптаға жалғасқан шиеленістерден кейін екі тарап бір-бірін «бірінші оқ атты» деп айыптады.

Бейсенбі күні таңертең жасалған Таиланд армиясының мәлімдемесіне қарағанда Камбоджа сарбаздары даулы аймақтағы Та Моан Том ғибадатханасының жанында оқ жаудырған.

Мәлімдемеде Камбоджаның қарулы әскерлері аймаққа кірмес бұрын барлау ұшқышсыз ұшағын ұшырғаны айтылған.

Камбоджа Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі «Тайланд сарбаздары шекараны себепсіз бұзды және Камбоджа әскерлері  қорғану үшін жауап қайтарды»,- деп мәлімдеді.

Қақтығыс сәрсенбі күні Таиланд Камбоджадағы елшісін кері шақырып, Бангкоктағы Камбоджа елшісін елден шығаратынын хабарлағаннан кейін болды.

Бір апта ішінде екінші Тайланд әскерінің даулы аймақтағы минаны басып, аяғынан айырылғаннан кейін бұл шешім шығарылды.

Таиланд миналар жақында қойылғанын айтса, ал Камбоджа бұл айыптауларды негізсіз дейді.

Миналарды тазарту ұйымдары Камбоджада ондаған жыл бойы жалғасқан азаматтық соғыстан қалған миллиондаған мина бар екенін мәлімдеді.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты