ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Израиль шабуылдары Түркияға да қауіп төндіруде»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған халықаралық қауымдастықты Израильдің жаһандық тұрақтылыққа төндіріп отырған қатерін тоқтатуға шақырды.
Президент Ердоған: «Израиль шабуылдары Түркияға да қауіп төндіруде»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің Сирия мен Ливанға бағытталған шабуылдары тек осы екі елге ғана емес, Түркияға да қауіп төндіретін деңгейге жеткенін мәлімдеді. Ол Израильдің басқыншылық әрекеттері бүкіл әлемге қауіп төндіретінін және тоқтатылуы тиіс екенін атап өтті.

Сәрсенбі күні мәжіліс депутаттарының алдында сөз сөйлеген Ердоған Израильді айыптады.

«Түркияның қауіпсіздігі тек Хатайдан басталмайды. Ол Алепподан, Дамаскіден басталады. Түркияның қауіпсіздігі Бейруттан басталады. Біз бауырлас елдерде де күштеу әрекеттеріне жол бермейміз және оларға қарсы бағытталған ешбір шабуылға көз жұма қарамаймыз», – деді ол.

Түркия президенті Түркияның қауіпсіздігі мемлекеттік шекарамен ғана шектелмейтінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Түркияның «Арз-ы Мәвуд» («Уәде етілген жер») идеясының түпкі мақсаты не екенін жақсы білетінін айтып, «Алланың қалауымен бұған ешқашан жол бермейміз», – деді.

Ол елдерді Израильмен бір сапта тұрмауға шақырып, «Ешкім орынсыз тәуекелге бармасын. Ешкім сионист желінің соңынан ермесін», – деді.

Түркия президенті Израильдің әрекеттері тоқтатылмаса, салдары бүкіл өңірге ғана емес, адамзатқа да әсер ететінін ескертті.

«Егер Израильдің заңсыз әрекеттерінің жолы кесілмесе, оның зардабын өңірмен бірге бүкіл адамзат тартады. Израиль тоқтатылуы керек. Бұл – адамзаттың ортақ міндеті. Тарихтың қайталануына жол бермеу керек», – деді Ердоған.

Президент ешкімді орынсыз тәуекелге бармауға және Израильдің арандатушылық әрекеттеріне ілеспеуге шақырып, «Егер Шығыс Жерорта теңізінде Түркия мен Кипр түріктерінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірілетін болса, жауабымыз қатаң болады», – деді.

Ердоған Израильді тоқтату қажеттігін тағы да қайталап, жаңа шиеленістердің алдын алу бүкіл адамзаттың ортақ жауапкершілігіне айналғанын атап өтті.

Іздеу
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Трамп: "Бүгін кешке Иранды қатты соққыға аламыз деп ойлаймын"
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады