САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Жапонияда алғашқы әйел премьер-министр сайланды
Жапонияның билеуші Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Санаэ Такаичи парламенттің қос палатасында да жеңіске жетіп, ел тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр сайланды.
Жапонияда алғашқы әйел премьер-министр сайланды
Төменгі палата қызметкерлерінің мәліметінше, Такаити 465 орындық парламентте 237 дауыс жинап, көпшілік қолдауына ие болды. / AFP

Сейсенбі күні төменгі палата қызметкерлерінің мәліметінше, Такаичи 465 орындық парламентте 237 дауыс жинап, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Ол сондай-ақ ықпалы аз жоғары палата тарапынан да мақұлданып, сейсенбі кешінде Жапонияның 104-премьер-министрі ретінде ант берді. Такаичи қызметінен өткен айда сайлау жеңілістері үшін жауапкершілік алып отставкаға кеткен Сигэру Исибаның орнына келді.

Соңғы бес жылдың ішінде Жапонияның бесінші премьері атанған Такаичи азшылық үкіметін басқаратын болады. Оны алда АҚШ президенті Дональд Трамптың келесі аптаға жоспарланған сапары сияқты маңызды міндет күтіп тұр.

Бұрын ауыр металл тобының барабаншысы болған Такаичи 4 қазанда Либерал-демократиялық партияның (LDP) жетекшісі болып сайланған еді. Елді ондаған жыл бойы үздіксіз басқарып келе жатқан ЛДП-ның беделі соңғы уақытта төмендеп барады.

Алты күннен кейін Такаичидің консервативті көзқарастары мен партиядағы заңсыз қаржы қоры жанжалынан мазасызданған Комэйто партиясы коалициядан шықты.

Бұл жағдай Такаичиді дүйсенбі кешінде реформашыл, оңшыл бағыттағы Жапон инновация партиясымен (JIP) альянс құруға мәжбүр етті.

JIP азық-түлік салығын алып тастауды, корпоративтік және ұйымдық қайырымдылықты жоюды, сондай-ақ парламент мүшелерінің санын қысқартуды көздейді.

Такаичи дүйсенбі күні Жапония экономикасын күшейтіп, елді болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінетін мемлекет ретінде қайта қалыптастыруға уәде берді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Жапонияда коалициялық үкімет құрылады

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді