ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Дүниежүзілік банк Сирияның электр энергетикасына 146 миллион доллар бөледі
Дүниежүзілік банктің үлкен гранты және Түркияның қолдауымен Сирия өзінің күйреген энергетика секторы мен экономикасын қалпына келтіруде жаңа қарқын алды.
Дүниежүзілік банк Сирияның электр энергетикасына 146 миллион доллар бөледі
/ Reuters

Дүниежүзілік банк он жылға созылған соғыстан кейін Сирияға сенімді және қолжетімді электр инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмектесу үшін 146 миллион доллар көлеміндегі грантты мақұлдады.

Бейсенбі күні жасалған мәлімдемеде Дүниежүзілік банк бұл грант елдің электр инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталатынын хабарлады. 14 жылға созылған қақтығыстар салдарынан электр инфрақұрылымы қатты зақымданып, елдің көп бөлігінде отын тапшылығы мен жарықтың жиі сөнуіне әкелген.

Сирияның Энергетика министрі Мұхаммед әл-Башир бұл шешімді қуана қабылдап, аталған қаржы Сирияның электр желісін көршілес Түркия және Иорданияның желілерімен қайта қосу секілді стратегиялық жобаларды қолдауға бағытталатынын мәлімдеді.

Әл-Башир «X»-тегі жазбасында «Бұл Сирияның энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасын қалпына келтіру үшін маңызды кезең», - деді. Сондай-ақ Дүниежүзілік банкке қолдауы үшін алғыс білдірді.

Түркияның рөлі артуда

Бұл мәлімдеме Түркияның Сирияның соғыстан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қолдауы артып жатқан кезде жасалды.

Мамыр айында Түркияның Энергетика министрі Алпарслан Байрактар ​​ Сирияға жылына екі миллиард текше метр табиғи газ жеткізетін екіжақты ірі энергетикалық келісімді жариялаған болатын. Келісім 1300 мегаватқа дейін электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді және Сирияның электр тапшылығын жеңілдетеді деп күтілуде.

Дамаскіге барған Байрактар ​​Түркия шұғыл қажеттіліктер үшін Сирияға қосымша 1000 мегаватт электр қуатын тікелей жеткізетінін айтты. Газ және электр энергиясы жөніндегі келісім Анкараның Сирияның тұрақтылығы мен қалпына келуінде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттемесінің бір бөлігі ретінде қарастырылды.

Бірнеше күннен кейін Түркияның вице-перзиденті Джевдет Йылмаз Сирияның экономикасын қайта құру туралы келіссөздер үшін Сирия президенті Ахмет Шараны Анкарада қабылдады.

Екі тарап инвестиция тарту, мемлекеттік қызметтерді қайта құру және санкциялардан кейін  қалпына келтірудің негізін қалау үшін қаржылық және құрылымдық реформаларға арналған жол картасын әзірледі.

Қалпына келтіру жұмыстары

Халықаралық және аймақтық ықпалдастықтың артуына қарамастан, Сирияның қалпына келу жолы күрделі.

Елдің энергетикалық инфрақұрылымының көп бөлігі жойылған немесе жарамсыз жағдайда. Ал халықаралық донорлар саяси белгісіздік пен шешілмеген гуманитарлық мәселелер болғандықтан қалпына келтіруге қаражат бөлуден сақтанып отыр.

Алайда бейсенбі күнгі мәлімдеме оң өзгерісер болып жатқанын көрсетеді. Дүниежүзілік банктің гранты мен Түркияның аймақтық кепілгер әрі энергетикалық әріптес ретінде рөлінің артуы - Сирияның шұғыл даму қажеттіліктерін шешуге бағытталған неғұрлым үйлестірілген халықаралық күш-жігерге бетбұрыс жасаудың белгісі болуы мүмкін.

Іздеу
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Ресей: «Одесса портын және Украина армиясына жүк тасымалдаған кемелерді нысанаға алдық»
Франция 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салды
Ресейдегі "Wildberries" орталықтарына шабуыл жасалды
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейді: Тегеранда әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды
БҰҰ:“2026 жылдың алғашқы жартысында Ресей-Украина соғысында бейбіт тұрғын өлімі 37 пайыз артты"