САЯСАТ
2 ... минут оқылды
1000-нан астам ғалым Газада атысты тоқтатуға шақырған ашық хатқа қол қойды
Қол қойғандар арасында Таяу Шығыстағы «өшпенділік, өлім және жоюды» айыптайтын Нобель сыйлығының иегері невропатологтар да бар.
1000-нан астам ғалым Газада атысты тоқтатуға шақырған ашық хатқа қол қойды
/ MAXAR TECHNOLOGIES VIA GOOGLE/ Handout via Reuters
3 Наурыз 2025

 Испанияның «EFE» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам ғалым, негізінен психологтар мен неврологтар Палестинаның Газа секторында атысты тоқтатуға шақырып, халықаралық қоғамдастықтан Израильге халықаралық гуманитарлық заңдарды құрметтеуге қысым жасауды сұраған ашық хатқа қол қойды.

Қол қойғандардың арасында Нобель сыйлығының лауреаттары Норвегиядан Мэй-Бритт Мозер мен Эдвард Мозер және жапондық Сусуму Тонегава бар.

Хатқа бірнеше испан зерттеушілері де қол қойды, оның ішінде Кажал институтындағы нейро жасанды интеллект және робототехника тобының мүшесі Пабло Ланилос да бар.

«Бұл шақыру күшті, өйткені ол неврологтардан келеді; мидың осы қақтығыстарды қалай қабылдайтынын және өңдейтінін зерттейтін адамдар», - деді Ланилос «EFE» агенттігіне. Хатта ХАМАС-тың 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылдары, тұтқындарды кепілге алуы және бір жылдан астам уақыт бұрын Газада қақтығыс басталғаннан бері 48 мыңнан астам адамның өмірін қиған Израильдің «сансыз соғыс қылмыстары» сияқты барлық тараптардың зорлық-зомбылығын айыптайтыны айтылған.

 «Барлық халықтар үшін»

 Ғалымдардың айтуынша, аймақ бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндігін жоятын зорлық-зомбылық пен кек алудың жойқын циклында қалған және  «өшпенділік, өлім және жою” барлық жерді басып алған.

 «EFE» хабарлауынша, хатта адам психологиясы қайшылықты топтар арасындағы айырмашылықтарды жиі ұлғайтып жіберетіні, сонымен бірге жаһандық эмпатия мен ынтымақтастықтың әлеуетіне  нұсқайтыны айтылған.

 Ғалымдар халықаралық қауымдастықты Израильге соғысын тоқтату үшін қысым көрсетуге шақырды, бұған қару-жарақ сатуды тоқтату немесе ынтымақтастық келісімдерін қайта қарау да кіреді.

 «Біз Израиль халқына қарсы емеспіз», - делінген хатта. «Біз барлық халықтармен - израильдіктермен, палестиналықтармен және ливандықтармен біргеміз» деп айтылған.

Олар Израильдің қазіргі саясаты палестиналықтарға орны толмас зиян келтіріп, өз халқының қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп уәж айтады.

 Хаттың жазылуына Франциядағы Сорбонна университеті мен АҚШ-тағы Принстон университетінің зерттеушілері бастамашы болды.

Іздеу
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді
Колумбия президенті Латын Америкасын бірлікке шақырды
Дональд Трамп Иранға ескерту жасады
Иран көршілерінің аумағы өзіне шабуыл жасау үшін пайдаланылса, «дұшпан» деп санайтынын мәлімдеді
Си Цзиньпин Финляндия премьер-министрімен кездесті
Лула Трампты Палестинаны «Бейбітшілік кеңесі» бастамасына қосу мәселесін қарастыруға шақырды
Трамп Иранның «сөйлескісі келетінін» айтты
АҚШ-пен Гренландия мәселесі бойынша келіссөздер жақын арада басталады
Трамп Канада премьер-министрін «Бейбітшілік кеңесіне» шақырудан бас тартты
Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратты
АҚШ, Украина және Ресей БАӘ-де кездеседі
Трамп Гренландияға қатысты мәлімдемелерінен бас тартты
Трамп әкімшілігі Мэн штатында мигранттарға қарсы рейд бастады
АҚШ ДАИШ тұтқындарын Сириядан Иракқа көшіруде
Трамптың Гренландия жоспары қандай?
Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді
Трамп Гренландияға ұшақ орналастыруда
Ирандағы шерулерде  қаза тапқандар саны 4 000-нан асты
Трамп Гренландияда Ресей қаупіне қарсы тұруға уәде берді