ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сауд Арабиясы мен Индонезия энергетика және өнеркәсіп келісіміне қол қойды
Келісім таза энергия, мұнайхимия және авиациялық отынға қатысты инвестицияларды қамтыды. Сондай-ақ екі елдің мемлекет басшылары Палестина мен Сирияның егемендігін қолдайтындарын білдірді.
Сауд Арабиясы мен Индонезия энергетика және өнеркәсіп келісіміне қол қойды
/ User Upload

Индонезия президенті Прабово Субиантоның Сауд Арабиясындағы ресми сапары барысында екі ел шамамен 27 миллиард АҚШ долларына тең инвестициялық келісімге қол қойды. Сәрсенбі күні бұл туралы Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі хабарлады.

Екі елдің жеке секторлары арасында жасалған келісім таза энергия, мұнайхимия өнеркәсібі және авиациялық отын сияқты түрлі салаларды қамтиды. Сонымен қатар екі ел басшысы Палестина мен Сирияның егемендігін қолдайтындарын білдірді.

Аймақтық мәселелер бойынша ынтымақтастық

Ортақ мәлімдемеде Сауд Арабиясы мен Индонезия Палестинаға қолдауларын және Газадағы гуманитарлық дағдарысқа қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Екі ел де Израильдің бейбіт тұрғындарға қарсы қоршау шараларын айыптап, палестиналықтардың күштеп көшірілуіне қарсы шықты. Олар 1967 жылы бекітілген шекара негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды көздейтін екі мемлекет негізіндегі шешімді қолдайтындарын тағы бір мәрте атап өтті.

Халықаралық аренаның бітімге шақыруларына қарамастан Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторын шабуылдауда. Бүгінгі күнге дейін 57 000-нан астам палестиналық қаза тапқан. Олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар.

Сирияға қатысты мәлімдемеде оның егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрмет көрсетудің маңыздылығы атап өтілді. Екі ел де шетелдік араласуларға қарсы екендіктерін білдіріп, Израильдің Сирия аумағына жасаған шабуылдарын қатаң айыптады.

Сондай-ақ мәлімдемеде батыстың Сирияға қолданған санкцияларының алынып тасталуыоң бағаланып, бұл шешім елді қалпына келтіру мен босқындардың отандарына оралуы үшін маңызды қадам екіні атап өтілді.

 

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті