САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ-тағы аралық сайлау: Сенатта басымдық демократтарда
Өкілдер палатасында да демократтар алда.
АҚШ-тағы аралық сайлау: Сенатта басымдық демократтарда
АҚШ-тағы аралық сайлау

АҚШ-тағы сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша Демократиялық партия Сенатта 52 орынға ие болып, басымдыққа қол жеткізді.

«AP» агенттігі жариялаған бейресми мәліметтерге сәйкес, Сенаттағы орындардың басым бөлігі кімге тиесілі болатыны белгілі болды.

Сенаттағы 18 орынды демократтар, 9 орынды республикашылдар жеңіп алды. Осылайша демократтар Сенаттағы орын санын 52-ге, ал республикашылдар 40-қа жеткізді. Нәтижесінде Конгрестің жоғарғы палатасындағы басымдық республикашылдардан демократтарға өтті.

Демократтар Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Техас, Огайо, Канзас және Айова штаттарында республикашылдарды басып озды. 100 орыннан тұратын Сенатта 52 мандатқа ие болған демократтар көпшілікті құрап, Республикашыл партиядан сайланған АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы заң шығару үдерісіне ықпал ету мүмкіндігін қайта күшейтті.

Өкілдер палатасы сайлауында да демократтар алда келеді.

«AP» агенттігінің алдын ала мәліметіне сәйкес, демократтар Өкілдер палатасында әзірге 178, ал республикашылдар 106 орынға ие болды.

Өкілдер палатасында басымдыққа ие болу үшін партия кемінде 218 орын алуы тиіс.

АҚШ-тағы аралық сайлау

АҚШ азаматтары штат губернаторлары мен жергілікті билік өкілдерін сайлаумен қатар, Конгрестің Өкілдер палатасындағы 435 орынның барлығы және Сенаттағы 100 орынның 35-і үшін дауыс берді.

АҚШ сайлау жүйесіне сәйкес, 435 мүшеден тұратын Өкілдер палатасының құрамы екі жыл сайын толық жаңартылады. Сайлау бірде президент сайлауымен қатар өтсе, келесі жолы аралық сайлау түрінде өткізіледі.

Ал 100 мүшеден тұратын Сенатта сенаторлар алты жыл мерзімге сайланады. Әр екі жыл сайын Сенат құрамының шамамен үштен бірі жаңартылады.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасында басымдыққа ие болу үшін кемінде 218, ал Сенатта 51 орын алу қажет.

Іздеу
Солтүстік Корея АҚШ-тың кибершабуылға қатысты айыптауына жауап берді
АҚШ-та сайлау басталды
Әлемді жаяу аралаған саяхатшы 28 жылдан кейін үйіне жетті
Италия: «Түркия – Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес»
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен маңызды жетістіктерге қол жеткізе аламыз»
Израиль күштері Әл-Халил қаласынан толықтай шегінді
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
«Axios»: «Нетаньяху Трампты сайлаудан кейін Иранға шабуыл жасауға шақырды»
Президент Ердоған Сеулге барды
Болгарияда президент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі